Қытай, Қазақстан және Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды
Қырғызстан сейсмология институтының жедел деректері бойынша, 12 қараша күні Астана уақытымен 04:13-те Қытай, Қазақстан және Қырғызстанның шекаралас аумағында жер сілкінісі тіркелді.Жер асты дүмпулерінің магнитудасы 3,9 балды құрады. Зілзаланың эпицентрі таулы аймақта орналасқан, алайда жойқын зардаптар туралы ақпарат түскен жоқ.Айта кетейік, бұған дейін 11 қараша күні Өзбекстан аумағында да жер сілкінісі болған еді. Сейсмологиялық қызметтің дерегінше, магнитудасы 3,9 балл болатын жер асты дүмпулері Наманган облысының Касансай ауданынан 16 шақырым тереңдікте тіркелген.
Аталған дүмпулер Қырғызстан аумағында да сезілген. Мамандар бұл аймақтың сейсмикалық белсенділігі жоғары екенін және мұндай жер толқуларының табиғи геологиялық процестермен байланысты екенін атап өтті.
Қазіргі уақытта сейсмологиялық қызметтер жағдайды бақылауда ұстап отыр.
"Толқын" ақпарат
Фото: baq.kz










