Қырғызстанда алты минут ішінде екі жер сілкінісі тіркелді

Бірінші жер асты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша сағат 16:18-де, ал екіншісі 16:24-те тіркелді. Екі сейсмикалық оқиғаның эпицентрі Қара-Бұлақ ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 12 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкіністерінің ошағы 17–20 шақырым тереңдікте жатқаны анықталды.
Қазіргі таңда зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Тиісті қызметтер аймақтағы жағдайды бақылауда ұстап отыр.
Фото: ашық дереккөзден алынды
Бұған дейін, 5 мамыр күні Камчатка бұғазы акваториясында да 3,9 баллдық жер сілкінісі тіркелген болатын. Ресей Ғылым академиясының Геофизикалық қызметінің Камчатка филиалы ұсынған мәліметтерге сәйкес, бұл сейсмикалық оқиғаның эпицентрі Крутоберегово ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 86 шақырым жерде, ал ошағы 61 шақырым тереңдікте орналасқан.