Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Аян деген құдірет бар киелі

Аян деген құдірет бар киелі

...Операциядан аман-сау келдім. Иә, өмір жолы әркімге әрқалай сыйлық даярлап тұрады екен. Сонымен жазбалардың көп жерін қысқартып, нақты- нақты жерлерін жеткізбекпін оқырманыма. Ал енді тәуір бола бастаған кезде, көзімді жұмдым дегенше, бір әулиеден кейін бір әулие түсіме еніп, шақыра берді. Аян деген сол екен, орындау керек, шақырса бару керек. Жақын да жерде емес. Балаларға жолдасым қарап, билетімді алып, пойызға мінгізіп, ақ жол тіледі. "Уайымдама, балаларға бас-көз боламын" деп сауығуыма тілектестігін білдірді.Сонымен 58  әулие, молда, ишан бабаларды жағалап жүрдім.  келесің, біреуіне бір-екі күн қонсаң, тағы да шақырып, түсіңе енеді. "Балам, кел, батамды берейін" деп бәрінің айтатын сөздері осылай. Мен де бара бердім...
Сәл демалыңқыраған кезде Қарамолда атамыз түсіме еніп, шақырды. Ол кезде ол ата тірі еді. Далада қақаған қыс, 40 градус аяз, түкірігің жерге түспейді. Анау-мынау машина бармайды. Аралдағы Бөлекеев Серік деген кластас досымыз әскери бөлімде "Урал" машина сұрап алған, тағы Сольтрестен Мергенбай деген досымыз (марқұм) екі жүргізуші керек деп жол жүріп кеттік. Атамыз шынымен де күтіп жатыр екен, жолға аттылы баласын қойыпты. "Балам келе жатыр, қараңғы түсті, тоңып қалар, адасып кетер" деп, май шамдармен де белгі бергізіп тұрған екен.
Атаның бойы кішкентай, саусақтары майда, аяқтары да кішкентай. Орнынан түрегеліп, "Тұр, балам, батамды берейін" деп әйеліне айтып, басыма ақ жаулық салғызды. Ақ батасын беріп, "қолымды ұста, саусақтарымды ұста" деп сәл-сәл күлімсіреген болды. Атамыздың әйелі:
– Балам, бақытың жанады екен. Атаң неше күннен бері күтіп жатыр 38-дер шамасында дәрігер ме, бір әйел бала келе жатыр деп қайта-қайта айтып жатқан,–  деді. Шай, тамақ ішіп болғасын, мен:
–Ата, қандай көмек керек? – дедім. Атамыз:
– Әй, балам, ешқандай көмек керек емес, Алла иманымды берсін, маған соны тілесең болды. Жақында алысқа кетем. Маған жер қойнына үйренгенше келмеңдер. Бір жыл өткен соң басыма келерсің,– деді.
– Ақ жол, балам, ақ батам сенімен бірге,– деді.
Сол атамызбен кездескен күннен бастап мен өзгердім. Рухани сезімдерге бөленіп, Алла туралы, пайғамбарлар туралы ілім-білім теріп, тынбастан Алланың ақ жолына түстім.
Атам: "арабша білмейсің-ау, балам-ай, кітаптарымды саған қалдыра  алмаймын, өзіммен бірге ала кетемін, бірақ берген батам саған ілім болып, ел-халқыңа көп пайдаң тиеді", – деді.
Бисмиллаһир-рахманир-р-рахим деп бастаймын көпшілікке сөзімді, Аллаға шүкір деп аяқтаймын. Емшілік жолды ешкім таңдамайды. Бұл құбылысты айтып жеткізу өте қиын. Қасиет, дарын Алла тағаланың қалауымен қонады. Өте қиын, өте ауыр жол. Әруақтың киесі бар, жолына отырмасаң, көп қиындыққа тап боласың. "Әулиелік қасиетті қалаған құлыма беремін" деген Алла тағала.
Мариям ХАКИМОВА,
Алматы қаласы
26 шілде 2021 ж. 576 0