Әйел таршылықта сыналады…

Әйелі бұл амалға күйеуінің абыройы үшін əрі тағдырына риза болғандығы себепті ғана барғандығын айтады. Қайын атасының алдында ыңғайсыз жағдайға қалдырғаны үшін күйеуінен кешірім сұрайды.
Иә, еркектің қара басын қадірлі етіп, төрге сүйрейтін де, я болмаса қор қылып көрге сүйрейтін де – әйел-ана. Кей кемшілікке кеңшілік танытып, таршылықта торықпаған, ертеңгі күнім не болады-ау деп жасып, аласұрып қорықпаған дәл осындай аналардың ісі барша аруға өнеге болуға тұрарлық!
Сосын "қазір бұндай әйел жоқ, қазір мұндай еркек жоқ" деп шулай беруге болмайды, бет жыртысып таласып. Қазір де өздеріңіз аңсаған ер мен әйел баршылық, адамнан "идеал" жасайтын тек өзіміз. Ешкім бізге керемет күйеу мен әйелді "мә" деп ұстата салмайды... Жақсы жарды қаласаң, сол жақсылыққа қарай әрекет ет. Жамандығын жасыр, жақсылығын асыр. Еріңнің ебін тап, әйеліңнің көңілін тап. Сонда өзің іздеген бақытың босағаңда жүреді!..
Қайрат Нұрлықасымұлы