Құлақ сал, азаматтар, ойы зерек
Құлақ сал, азаматтар, ойы зерек,
(Жаратқан сұратпасын сырттан көмек).
Көрші "достар" тұрғанда сандырақтап,
Осынау сын сағатта кімдер керек?!
Төбеден қатер төнсе де,
Туралап ажал келсе де,
Турасын айтар тайсалмай,
Әйтекедей би керек!
Теңдігім атар таңым деп,
Арымнан құрбан жаным деп.
Ел үшін өткен еңіреп,
Махамбеттей ер керек!
Тілім, дінім, жерім де,
Өз байлығым өзімде.
Тұғыры биік мәңгілік,
Қазақтай мықты ел керек.
Болашағым – ертеңім,
Ертеңім – өріс, өркенім.
Қорғаны қазақ елімнің,
Ұландарым, сен керек!
Мұрат СЫДЫҚОВ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, күйші-композитор, Арал ауданының құрметті азаматы
Осынау сын сағатта кімдер керек?!
Төбеден қатер төнсе де,
Туралап ажал келсе де,
Турасын айтар тайсалмай,
Әйтекедей би керек!
Теңдігім атар таңым деп,
Арымнан құрбан жаным деп.
Ел үшін өткен еңіреп,
Махамбеттей ер керек!
Тілім, дінім, жерім де,
Өз байлығым өзімде.
Тұғыры биік мәңгілік,
Қазақтай мықты ел керек.
Болашағым – ертеңім,
Ертеңім – өріс, өркенім.
Қорғаны қазақ елімнің,
Ұландарым, сен керек!
Мұрат СЫДЫҚОВ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, күйші-композитор, Арал ауданының құрметті азаматы