Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қазақ халқындағы неке тойларын білесіз бе?

Қазақ халқындағы неке тойларын білесіз бе?

Қазақ дәстүрінде ерлі-зайыптылардың некесін қиып, шаңырақ көтеріп, отау құрғасын белгілі бір уақыттарда атап өтетін тойлары болады. Елорда Инфо сайты отбасылық өмірдегі неке тойларының түрлерін тоқталады.
Той – қазақ халқы үшін қуаныш, шаттық, ақ дастарқан жайып, туған-туысының басын қосып, батасын алу.
Қазақтың өмірі – той. Екі жастың үйленгенінен бастап, жас келіннің баланы дүниеге әкелгеcін жасалатын қалжа той, шілдехана, бесік той, тұсаукесер, сүндет той т.б. тойлардың түрлері көп.
Сонымен қатар, қазақта неке тойларының да бірнеше түрі бар. Үйлену тойы – екі жастың, олардың ата-аналарының өміріндегі қуанышты оқиға, адамдар арасындағы жұбайлық қарым-қатынастың басталуы, жұртқа жария ету салтанаты. Ал енді үйленгеннен кейінгі ерлі-зайыптылардың отбасылық өмірдегі неке тойларына келсек.
1 жыл. Шыт той – отбасы құрғаннан кейінгі бір жыл өткен соң аталынады. Бұл күні ерлі-зайыптылар бір-біріне шыт орамал сыйлайды.
5 жыл. Ағаш той – отбасылық өмірдің бесжылдығына орай аталып өтіледі. Бұл күні ерлі-зайыптылар бір-біріне ағаштан жасалған бұйымдар сыйлайды.
10 жыл. Раушан той – онжылдық бас қосу мерекесі. Бұл күні қонаққа достары шақырылады, барлығы қолдарына раушан гүлін ұстап билейді.
15 жыл. Әйнек той – он бес жылдық той. Бұл күнгі сыйлық шыныдан істелген бұйымдар болуы шарт. Әйнек - ерлі-зайыптылар қарым-қатынасының мөлдірлігінің куәсі болмақ.
20 жыл. Фарфор той – жиырма жылдан кейін аталып өтіледі. Шақырылған меймандарға фарфордан жасалған жаңа ыдыстарға салынып таратылады. Бұл ескі ыдыс-аяқтардан ештеңе қалған жоқ дегеннің ишараты болмақ.
25 жыл. Күміс той – жиырма бес жылдан кейін аталмақ. Бұл күні некелік алтын сақинаның қасына күміс сақина қосылуы керек.
30 жыл. Інжу той – отыз жылдан кейінгі той. Бұл күні күйеуі әйеліне алқа сыйлауы керек, бұл өткен күндердің бәрінің де інжудей тартымды болғанының куәсі болмақ.
35 жыл. Кенеп той – отыз бес жылдан кейін тойланады. Онда кенептен тігілген заттар сыйланып, кенеп дастарқан жайылады.
40 жыл. Лағыл той – қырық жыл өткеннен кейінгі мереке. Бұл күні сыйланған алтын сақинаға махаббат пен жалынның белгісі – лағыл орнатылған болуы шарт.
50 жыл. Алтын той – елу жылдық торқалы той. Некелік алтын сақиналар жаңа сақиналармен ауыстырылады.
60 жыл. Гаухар той – отасқанға алпыс жыл өткенде тойланады. Бұны атап өту – ендігі жерде некені ешкім бұза алмайды деген ұғымға саяды.
65 жыл. Темір той - ерлі-зайыптылық өмірдің алпыс бес жылдығында өтеді.
67,5 жыл. Тас той – бұл тойдың ерекшелігі неке қиылғанына алпыс жеті жарым жыл өткенде аталып өтіледі.
70 жыл. Игілікті той – жетпіс жыл өткенде тойланады.
75 жыл. Тәждік той – ең соңғы той болып есептеледі, жетпіс бес жыл өткенде аталып өтіледі.
Той тойға ұлассын, тойшыл қауым!

kaz.zakon.kz
19 тамыз 2021 ж. 800 0