Жалпықазақстандық ашық диктант жазылды

Ашық диктант – мемлекеттік тілді білуге қатысушылардың қызығушылықтарын арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтуды мақсат етеді. Аталмыш шара республикалық «Мың бала» жобасының аясында өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылар «әрбір адам үшін сауатты жазу маңызды» дейді.
Аудандағы мәдениет саласы мекемелері мен мектеп ғимараттарында жергілікті уақытпен сағат 10.00-де басталған шараға аудан бойынша 1356 ерікті қатыстырылды.
Айта кетейік, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және ел азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін, оның қоғамдық маңызын арттыруды көздеген жалпықазақстандық ашық диктант бір уақытта аймақтың барлық аудандарында өткізілді. Алдағы уақытта акция жалғасын табатын болады.





"Толқын" ақпарат