“Ұят, аға”
Айтатын жүрексіз бен жансызға сыр.
Әке-шешем қорқытып тәрбиелеген
“Ұят аға” шынымен барсыз ба сіз?
Саналы кім?
Көрінгенмен былғаған балалығын,
Тексіздіктің қолға алған таралуын.
Қызыл шашты аруға қалай айтам!?
Қарашаш анамыздың даналығын.
Қарар едім,
Түсіне алсам қоғамның жан әлемін.
Нашақордың жатқа айтқан әр өлеңін.
Шешеге құлақ түрмей өскен қыздар
Көшеде көрсетіп жүр бар “өнерін”.
Күйінген ем...
Әлемнен азғындықтың күйін көрем.
Кіндігі ашық, бұрымы түйілмеген
Аруларды мен қалай киіндірем?
Әкесі айтқан кезде киінбеген.
Аздыратын,
Себеп көп көрінгенді жазғыратын.
Тірісінде оттан көр қаздыратын
Айтқызбай-ақ көп күнә жасап жүрміз,
Ібілісте себеп жоқ азғыратан.
Ерсек дейді,
Нәпсінің айдауына көнсек дейді.
Ал ол соңын ешқашан өлшетпейді,
Бұл айтқаным күнәнің бергі жағы
Арғы жағын бұл өмір көрсетпейді.
Ұят аға...
Арсыздықтан әртүрлі заң құраған,
Өзгермейтін секілді мәңгі ғалам.
Бар болсаңыз жарыққа шықсаңызшы
“Ұят жоқ” деп жүр әйтпесе барлық адам.
Әке-шешем қорқытып тәрбиелеген
“Ұят аға” шынымен барсыз ба сіз?
Саналы кім?
Көрінгенмен былғаған балалығын,
Тексіздіктің қолға алған таралуын.
Қызыл шашты аруға қалай айтам!?
Қарашаш анамыздың даналығын.
Қарар едім,
Түсіне алсам қоғамның жан әлемін.
Нашақордың жатқа айтқан әр өлеңін.
Шешеге құлақ түрмей өскен қыздар
Көшеде көрсетіп жүр бар “өнерін”.
Күйінген ем...
Әлемнен азғындықтың күйін көрем.
Кіндігі ашық, бұрымы түйілмеген
Аруларды мен қалай киіндірем?
Әкесі айтқан кезде киінбеген.
Аздыратын,
Себеп көп көрінгенді жазғыратын.
Тірісінде оттан көр қаздыратын
Айтқызбай-ақ көп күнә жасап жүрміз,
Ібілісте себеп жоқ азғыратан.
Ерсек дейді,
Нәпсінің айдауына көнсек дейді.
Ал ол соңын ешқашан өлшетпейді,
Бұл айтқаным күнәнің бергі жағы
Арғы жағын бұл өмір көрсетпейді.
Ұят аға...
Арсыздықтан әртүрлі заң құраған,
Өзгермейтін секілді мәңгі ғалам.
Бар болсаңыз жарыққа шықсаңызшы
“Ұят жоқ” деп жүр әйтпесе барлық адам.
Ділдәбек БЕГАЙДАРОВ,
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы