"Ақсары басқарма"
Жақында баспадан белгілі ақын, танымал журналист Толыбай Абылаевтың осындай атпен қайраткер ана Ақсары Ермағамбетова туралы деректі кітапшасы жарық көрді. Онда колхоздастыру кезеңінде, онан кейінгі соғыс жылдарында ел-жұртты ортақ іске жұдырықтай жұмылдырған қарапайым қазақ әйелінің қайраткерлік тұлғасы, аналық ақжарқын келбеті көркем тілмен кеңірек баяндалады. Автордың мақсаты – қоғамдағы әйел-ананың алар орнын кейінгі жастарға үлгі ету, елдің ауызбірлігін өнеге тұту.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
"Толқын" ақпарат