Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Балаңыздың досы кім?

Балаңыздың досы кім?

Уақыт – тоқтатып қоюға және және кері қайтаруға келмейтін нәрселердің ең бастысы. Қазіргі таңда қоғамға бейімделіп алған ересек адамдарға қарағанда, жас балаларға уақыттың қадірі жоқ секілді.


Әрине, бала өз бетімен көп нәрсе істей алмайды. Біздер балалардың қалыптасуын уақытпен санаспай құрайтындаймыз. Бала дүниеге келіп ата-анасының көп көңіл бөлуін қажет ететін уақыт келгенде, баланы тыныштандыратын көмекші құрал, ата-ана үшін таптырмас әдіс «ұялы телефон».
Әрине оның ішінде «ютубтағы» мультфильмдер баланы алдандырады. Қазіргі таңда кішкентай бала мазасызданса не үшін екенін сұрап, бір әрекет жасау, баламен тілдесу, оған түсінікті әңгімелер айтып уақыт бөле бермейміз. Алдына жылап келген балаға телефон ұстатып жібере салады. Лажы болса, мазасын алмаса болды. Бірақ осы түсініксіз үнсіздіктің арқасында баланың болашағы қалыптасып жатқанын елеп жатқан жоқпыз. Біздің қоғамда, кезінде 12-13 жасқа дейін телефон сұрамай өскен жастардың өзін қазіргі таңда "ынта жоқ, қызығушылық, идея жоқ" деп айыптап жатады. Қазір көзін енді аша бастаған сәбиіміздің телефонмен дос болып өсіп жатқанын біле тұра, олардың ертеңіне аса мән беруге тиіспіз.
Бұл телефон құрылғысымен ұзақ уақыт отыру денсаулыққа да зиянын соқтыраты анық. Себебі балалардың ойында "телефон барлығын жасап береді" деген пікір қалыптасады. Ондағы балалардың үзбей көретін мультфильмдері де психологиялық тұрғыдан зиян. Қарапайым мультфильмдер бүгінде балаларды қызықтыра бермейді. Оларды орыстың кішкентай қыздарының не істейтіні туралы бейнероликтер көбірек қызықтырады.
Бала тіпті осыған тәуелді болып барады. Ауыстырып басқа түсінікті нәрсе көрсін десең, баланың қалауы тек осы мультфильмде. Сонымен қатар балалар бір нәрсені 3 минуттан артық қарай алмайды. Оларға телефон ұстатып қойып, мультфильм қосып берсеңіз, ол аяғына жетпей ауыстырып жібере береді. Ешқандай мағынасыз, нәтижесін күтпей мақсатсыз телефонға ұзақ қарау да – уақыттың қадірін жоғалтып жатқанымыздың дәлелі. Барлық ата-анаға бұл жәйт етене таныс. Сондықтан кез келген дүниені құр сөзбен ғана айтып қоймай, балаға көңіл бөлуді алдымен өзімізден бастайық.

Аяжан МАХАНБЕТОВА,

Әл-Фараби атандағы ҚазҰУ-нің 4 курс студенті 
23 ақпан 2022 ж. 1 149 0