Беларан төбедегі тарихи басқосу
...Тарихта аты аңызға айналған тұлғалардың тәу етер жайы қостап саналады. Айталық, Бейбарыс сұлтан, Жанқожа батыр сынды өмірі өнеге жандардың жерленген жерлерінен бөлек, туған өлкелерінде есімдерін ұрпақ жадында жаңғырту жолында мемориалдық кешендер орнатылып, жамбасы тиген жерден топырақ әкелінуі байырғы дәстүрімізде бұрыннан келеді. Оған мысалды алыстан іздемей-ақ, Ақирек тауының баурайындағы Арыстанбаб әулиені атасақ жетіп жатыр. Осы бір тосын құдірет иесіне тағзым ететіндердің саны жыл сайын артпаса, кеміген емес. Сол орын арқылы егістігімен дараланған Ақирек ауылдық округі де республика тұрмақ, жарты әлемге мәшһүр. Себебі аталған мекенге алыс-жақын шетелдіктер де әлі күнге ара-тұра ат басын бұрып тұрады.
Иә, мұны не үшін айтып отырмыз. Жуырда «сәуір болмай, тәуір болмайды» деген жұртшылық Беларан төбеде тарихи басқосу өткізді. Оған жиналған кісі қарасы қалың. Сол күні Әбдіжәміл Нұрпейісовтің кіндік қаны тамған алтын бесігіне қарай жол тартқан үлкен-кіші керілген кең даланың 300-ден астам шақырымын артқа тастап, түксиген күйі бүк түскен қатпарлы тауларды айнала сол жаққа жетті. Ондағы мақсат – «Қазақстан Республикасының Еңбек Ері», қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы болған абыз ақсақалдың көзі тірісінде айтқан аманатын орындау-тұғын.
Осы жерден сәл шегініс жасап, «Қан мен тер» романы арқылы әдебиет сүйер қауымның құрметтісіне айналған ғибратты ғұмыр иесінің үстіміздегі жылдың 5 ақпанында 98 жасында алып жүрегі мәңгілікке тоқтағанын айтып өткеніміз ләзім. Сол бір қаралы кезде қайталанбас тұлғаның денесі аруланып, Кеңсайға жерленгенін жақсы білеміз. Осы тұста аралдықтардың көкейінде бұл қалай болды деген заңды сұрақ тұрды. Бұл сұрақтың өзіндік себебі де бар-тұғын. Әбдіжәміл Кәрімұлы көзі тірісінде «Мені туған жерге, яғни, Беларан төбе басына әкеліп жерлеңдер» – деп артында қалған ізбасарларына аманат еткен екен. Ондағы ойы теңіздің оралуын тілеп, дауысын естіп жатуды армандағаны деседі. Аманат алып шаһардағы немерелерінің қалауымен аяқ асты өзгерді. Топырақ өзі белгілеп, қадасын қаққан қойтас тұсынан емес, Кеңсайдан бұйырды...
Рамазан айының қарсаңында асылымыздың сүйегі Алатау баурайында қалса да, топырағы өзі көрсеткен орынға салынды. Жиналғандар мұны жақсылықтың нышанына балады. Төбе басындағы тарихи шарада облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов облыс жұртшылығы атынан тебірене сөз сөйлеп:
–Қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар өзгеше дүние танымымен дараланған Әбдіжәміл ақсақалдың бай мұралары қазақ жұртына өшпес мұра болып қалды. Теңізбен бірге жасасқан қаламгердің теңіз тағдырын боямасыз баяндаған өміршең туындысы қарапайым балықшы өмірін айқын көрсетіп, сиқырлы сөздері, теңдессіз теңеулері әлемдік деңгейде өз бағасын алды, – деп қастерлі орынның алдағы уақытта мемлекет назарында болатынын сеніммен ортаға салды.
Мұнан соң аудан әкімі Серік Сермағамбетов:
–Қадірлі ағайын, біздер күллі мұсылман қауымы үшін Рамазан айының басталар тұсында бос қосып тұрмыз. Адамзаттың рухани кемелденіп, жан дүниесі тазаратын берекелі ай игілікті істерге толы болғай. Қазақ әдебиеті қара жамылды. Әбдіжәмілдей бір туар ұлын жоқтап, ақтық сапарға шығарып салуға келген халық Абай атындағы опера және балет театрында абызымен соңғы рет қоштасты. Зиялы қауым көп болды. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, қоғам қайраткерлері Қырымбек Елеуұлы, Иманғали Нұрғалиұлы, мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев және мен қаралы митингінің басы-қасында жүрдік. Мемлекет хатшысы Ерлан Қарин Президенттің көңіл айту жеделхатын барша қазақ еліне жеткізді. Өмірінің соңына дейін елінің құшағында, аялы алақанында болған бекзат болмысты жанның қазақ әдебиеті мен мәдениетінде сіңірген еңбегі өлшеусіз. Жазушының ерен еңбегі мемлекеттің жоғары бағасына иелік етті. КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған жазушы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Ұлттық әдебиетті дамытудағы айрықша еңбегі үшін жоғары дәрежелі «Алтын жұлдыз» ерекшелік белгісі мен «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алды, – деп классик жазушының екінші өмірі басталғанын тілге тиек етіп, өзі құлай сүйген Арал анасының құшағында жату ол кісіге бұйырмағанын айтып, қазақ топырағының қай қиыры да қасиетті екеніне тоқталды.
Қазақ ССР балық шаруашылығының бұрынғы министрі, Қызылорда облысы және Арал ауданының құрметті азаматы Құдайберген Саржанов та аяулы жанды жұрты ешқашан ұмытпайтынын алға тартты. Бұдан бөлек, Әбдіжәміл атамыздың көзін көрген, ізіне ерген бауырлары да өткен шақтан естелік шертіп, тілеулес қауымға ақжарма тілектерін ақтарды.
Биік төбе. Айналаға зер салсаң теңіз алақаныңдай көрінеді. Тарихи тұлғаның таңдауы түскен жері тегін емес екеніне тағы бір мәрте көз жеткізесің. Көз ұшында күмістей көлбеңдеген көк теңіз. Одан әріде жазық кең дала. «Қан мен тер» романынан үзінді тасқа қашалып жазылған. Киелі орынның қоршауы да ерекше көз тартады. Айналаны талмен көмкеру де жоспарланған. Берері мол шара аясында соғыс ардагері, қазақ мақтанышы Әбдіжәміл Кәрімұлына ел атынан құрбандыққа мал шалып, аудандық мешіттің наиб имамы Нұржан Кеңесханов Құран бағыштады. «Ер есімі ел есінде» демекші, шоқтығы биік, арда туған асыл жанның құрметіне қойылған ескерткіш тақта алды гүл шоқтарымен көмкерілсе, анау тұстан тал көшеттері егілді. Артынша, Беларан ауылдық округі, Құланды ауылында ас беріліп, ақсақалдың өзіндей әрі көзіндей сақтау ниетпен тәбәрік таратылды.