Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Есейгенде айтатын анаңыздың кеңестері

Есейгенде айтатын анаңыздың кеңестері

Есейе келе анаңызбен қатынастың түрлі кезеңдерін бастан өткересіз. Алдымен оның кеңестері мен ақылдары қажетсіз, маңызды емес көрінуі мүмкін. Жиі бала анасымен келіспейді. Ал кейін анаңыздың дұрыс айтқанын  түсініп, оны тыңдау керек еді деп өкінесіз.
«Үнемдеп үйрен»

Балалық кезіңізде анаңыздың әмиянында ақша болса да, ол неге жоқ деп айтатынын түсінбейтін болған шығарсыз. Сол секілді бірдеңе сатып алып беруден бас тартатынына ашуланасыз.

Алайда уақыт өте онікі дұрыс екенін және үнемдеп үйрену керегін түсінесіз. Сондай-ақ ақталмаған сатып алулар өткінші бақыт қана сыйлайды. Ол одан әрі көңіліңіздің қалуына әкеліп, жалақы түскенге дейін қарыз алу қажеттілігін туындатуы мүмкін.

«Барлық достарың бірдей шынайы емес»

Өкінішке орай, достар жайлы ананың дұрыс айтқанын көпшілік өте кеш түсінеді. Шынымен де, барлық адам бірдей шынайы емес. Кей адамдар тек өз пайдасын ойлап, іш пысқаннан немесе біреуге манипуляция жасау мақсатында араласады. Олар бір күні айқаймен немесе үндемей, еш хабарсыз кетеді. Көп жағдайда анаңыз көрсеткен достарыңыз көңіліңізді қалдырады. Кей жағдайда анаңыздың айтқан сөздеріне де құлақ асу керек, себебі оның өмірлік тәжірибесі мол.

«Шындықты айт»

Кішкентай кезінде балалар ата-анасына жиі өтірік айтады, бірақ олардың өтірігі соншалықты жиі ашылып қалады. Сондай кездері әрбір бала анасынан «өтірік айту — жағдайды шешудің нашар әдісі» деген ақылды естіген болар. Есейген кезде анаңыздың осы ақылының шындығына көзіңіз анық жетеді. Өтірік айту арқылы проблеманы шеше алмайсыз және ол бір күні сыртқа шығып, екі есе проблема әкеледі.

«Бастаған ісіңді аяқта»

Достарыңыз сыртта күтіп тұрғанда бөлмені жинап кетуге немесе үй жұмысын орындап шығуға ерінесіз. Бірақ анаңыз алдымен бір істі аяқтап, кейін басқасына көшу керегін мың рет айтқан шығар. Есейгенде бұл әдеттің пайдасын түсінесіз. Аяқталмаған істер көп уақыт пен күшті қажет етеді.

«Ертерек жат»

Балаларды ерте ұйықтату қиын. Олар ұйықтамас үшін кенеттен су ішкісі келіп қалады немесе дәретханаға барғысы келеді. Тек есейген кезде ұйқының адам өміріндегі маңызын түсіне бастайды. Егер балалық шаққа аз уақытқа болсын оралуға мүмкіндік болса, көпшілік ересек анасының айтқанын тыңдап, күндіз де ұйықтап алар ма еді?!

«Бәрі уақытша»

Сабақтан төмен баға алу, достарды жоғалту, алғашқы махаббатыңызбен айырылысу — мұндай кездердің барлығында анаңыз оның бәрі өтпелі екенін және олар болашақта маңыздылығын жоғалтатынын айтты. Шынымен де, сол кезде қайғылы көрінген нәрселердің көбі уақыт өте сізге аса маңызды емес көрініп, мазаламайды.

«Үйдің тамағы пайдалы»

Барлық бала бірдей анасына асүйде көмектескісі келе бермейді. Тамақ пісіріп жүрген анасын көріп көпшілік өскесін үйден тамақ істемейтінін, оның орнына жиі кафелерге баратынын айтады. Алайда одан үйдің тамағы пайдалы болатынын қайта-қайта естіген боларсыз. Уақыт өте үй тамағының артықшылықтарының көп екенін түсінесіз. Содан кейін бір күні анаңыздан қандай да бір тамақтың рецептісін сұрауға қалай қоңырау шалғаныңызды өзіңіз де байқамай қаласыз.

massaget.kz​​​
04 қыркүйек 2022 ж. 628 0