Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Адамның жаны неге ауырады?

Адамның жаны неге ауырады?

Әзіреті Имам Шағбиден (Алла одан разы болсын) бір кісі: «Адамның жаны ауыра ма?» деп сұрайды. Сонда Имам Шағби: «Иә ауырады. Жаман, нашар адамдардың себебінен ауырады» деп жауап береді.

Шағбидің жақсы таныстарының бірі: «Бір күні Шағбидің тұсынан өттім. Екі нашар адамның ортасында отыр екен. Жан қалай?» деп сұрадым. Ол маған қарап: «Өлімалды арпалыстың, жанталастың күйін кешіп отыр» депті. Рас, кейде кейбір адамдардың жанында отырғанда нәрі мен мәні жоқ әңгімелерінен жанымыздың күйзелетіні ақиқат. Құдай сақтасын, жаманмен бірге отырудың өзі – үлкен қасірет, азап екенін сонда түсінесің. Осындайда жақсыларға жақын, жамандардан алыс жүру керек екенін ұғасың. Ал, жақсы адам дегеніміз кім? Әзіреті Хасан Басриден «Жақсы адам кім?» деп сұрағанда, ол: «Төрт нәрсе адамның жақсы екенін білдіреді: «Шыншылдық, достарының қате-кемшіліктерін кешіру, жомарттық, көршілеріне зиян келтірмеу», – деп жауап берген. Ізгі жандардың бірі: Жақсы адам деген жақсылық жасауда пейілі кең, мінезі көркем, білім іздеу және құлшылық жасауда басқаларға үлгі болған жан»,-деген екен. Ендеше Құдай Тағаладан екі дүниеде де жақсылармен бірге болуымызды тілейік!

alashainasy.kz

08 қыркүйек 2022 ж. 871 0