Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Республикалық маңызы бар қорғау аймағы белгіленген архитектуралық ескерткіш

Республикалық маңызы бар қорғау аймағы белгіленген архитектуралық ескерткіш

Арал теңізінің жағасында Қаратерең ауылы бар. Қаратерең ауылдық округінен  30 шақырым оңтүстік-шығысында «Бегім ана» мазары орналасқан. Көпшілік бұл орынды «Бегім ана» мазары, «Бегім Ана» кесенесі, немесе мұнарасы деп те атайды. Қалай айтсақ та, тарихи орынға 10 ғасырдан бері талайадам бас иіп, дұға бағыштауда.1979жылы мұнараның құжаты жасалынып, республикалық маңызы бар қорғау аймағы белгіленген архитектуралық ескерткіш санатына қосылды. Бегім Ана-аңыз бойынша оғыз-қыпшақ заманында батыр әрі діндар болған Қарабура әулиенің қызы делінеді. Салжұқ мемлекетінің ханы Санжардың әйелі. ХІ ғасыр тұсында Мәлікшахтың патшалық құрғаншағында салжұқтар елі жақсы өмір сүрген екен. Мәлік шах дүниеден озғаннан соң, орнына ұлы Санжар отырады. Санжар астанасын Хорасаннан көшіріп.Сыр бойындағы Жанкентке ауыстырады. Шаһарды мықты бекініске айналдырады. Санжар аңаулап, сейіл құрғанды ұнатады екен.Сондай біраңшылықта Созақ маңында өмір сүрген Қарабура әулиенің қызы Бегімге кездесіп, үйленеді. Кейін Бегім ақылына көркісай сұлуқыз болады.Бірде Санжар патша аңға шығады. Үйінен ұзап кеткенде қанжарын ұмытып кеткені есіне түседі. Өзі баруға ерініп, құлын жұмсайды. Үйге келген құлға Бегім есіктен білегін шығара қанжар ды ұсынады. Оның сүттей әппақ білегін көрген құл бейшар аесінен танып, ұзақ тұрып қалады. Бегім ана есікті жапқанда ғана құл есін жия сала патшаға қарай шабады. Ұзақ күткен патш аөте ашулы екен. Мұныкөре сала айқайға басады.Өзін құтқару үшін құл: -Сіздің әйеліңіз білегімнен ұстап жібермей қойды,- деп өтірі кайтып, ханымға жала жабады. Патша дереу кер ішабады. Үйіне келе сала мәселенің анық-қанығына жетпестен қарабайыр құлғасеніп, патша дереу Бегімнің оң қолын, оң бұрымын кесіп, оңтанауын тіліп, зынданға тастайды. Патша қаһарынан қорыққан бірде-бір адам жаны ауырған Бегім анаға көмектес еалмайды. Жылай-жылай әбден шаршап, ұйықтап кетеді. Түсіне әкесі Қарабура әулие кіреді: -Қызым, адал болсаң, Алла тағала тән жараңды да, жан жараңды да жазады. Кінәлі болсаң, солкүйіңде өлесің,-дейді. –Құдай атымен ант етемін, мен ақпын. Санжарға қиянат жасасам, Тәңірі өмірімді қысқартсын,- дейді жалынып. Қарабура әулие күйеу баласы Санжардың түсіне де кіреді. - Сен де менің балам едің. Істің ақ-қарасын анықтамай, қызыма кешірілмес қиянат жасасаң, шаһарыңды жылан жұтсын,-деп, теріс батасын береді де, ғайып болады. Ұйқысынан шошып оянған хан дереу зынданға уәзірлерін жібереді. Олар келсе, Бегім Ана сол қалпында отыр екен. Мұны естіген хан қатты сасады. Сол үреймен кеш батады. Іңір уақытында аспаннан ағылған бір месдәл шаһардың ортасына түсіп, жарылады. Ішінен жыбырлап шыққан жыландар адамдарды тырпеткізбей, шағып өлтіреді. Жыланның көптігі сондай, шаһарда тірі жан қалдырмапты. Санжар да ит өліммен өліпті делінеді аңызда. Бегім сұлу зынданнан құс болып ұшып шығып, «БегімАна» белгісін салдырып, қалған өмірін сол мұнараның ішінде  өткізеді. Кесене ХІІІ ғасырда салынған. БегімАна-баршамыз үшін өнеге болар есім. Ол-адалдықтың, пәктік пен ар тазалығының символына айналған есім.
04 желтоқсан 2022 ж. 507 0