Жапония туралы 15 дерек: Қазақстандық актер Санжар Мәдиді не таңқалдырды

Сонымен қатар, актер Жапониядағы полиция қызметкерлері мен жедел жәрдемге қатты риза болған. Ол бұл елде қауіпсіздік қатты қадағаланатынын да жасырмай, қандай әрекеттерге тиым салынғанын айтып берген болатын.
"Полиция мен жедел жәрдем қызыл түстен өткені үшін кешірім сұрайды. Өз өзіне қол жұмсау көп болғандықтан барлық көпірлер қақпалармен жабылған. Темекі тартуға қатаң түрде тиым салынған. Арнайы орындарда ғана рұқсат етілген. Барлық жерде үлкендерге арналған журналдар бар. Apple pay кейбір жерлерде істемейді. Барлық музейлер тегін", - дейді Санжар Мәди.