Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қара қобызды қасиет тұтқан Ұлмекен

Қара қобызды қасиет тұтқан Ұлмекен

Қайбірде өнер адамдары туралы әңгіме қозғап отырғанда, сөз ауаны ауыса-ауыса келе «Аралдың қобызшы¬лары» деген тақырыпқа келген. Әуелі қобызшылардың басқа аспап иелеріне қарағанда аз екендігі айтылып, сол аздар кімдер деп сұрақ туғанда, әп дегеннен тіл ұшына Аралдың тумасы, бүгінде елордамыз Астанада тұратын қобызшы Ұлмекен Төлеуованың есімі оралды.
Зымыраған уақыт, жүйткіп өткен жыл¬дардың парақтарында енді міне тарихқа айналып, бүгінгі буыннан алыстатып алып бара жатқанда, шіркін кезінде туған жерімізде жарқыраған таланттарды неге жарқыратып жазып отырмасқа деген ой келген. Міне, сол ой қолға қалам алдырды.
Қобызшы Ұлмекен Төлеуованы кіш¬кентайымыздан білеміз. Олай дейтініміз бір көшенің бойында тұрдық. Бірге ойнап, бірге ержеттік. Ілгері-кейінді сыныптарда оқығанымызбен де білім алған мектебіміз де бір еді. Арал қаласының батыс бетінде өткен ғасырдың ортасы ауа №199 деген мектеп ашылды. Сол шағын мектепте өнерімен кішкентайынан ел көзіне түскен талантты жас өнерпаздардың бірі Ұлме¬кен еді. Мектепте әрбір мейрам сайын, әр¬бір атаулы күндер сайын үнемі өтіп жа¬татын түрлі шараларда бірде боздатып, бірде күңірентіп қыл қобыздың үніне шағын мектеп ішін толтырып жіберетін. Шынымен де, айналамызда домбыра, ги¬тара, баян тартатын біршама балалар бол¬ғанымен, қазақтың қара қобызын да, қоб¬ыз тартатын қызды да көргеніміз сол. Ұза¬май кішкентай Ұлмекен аудандағы ең бір үлкен өнер ұжымы, аты шыққан ұжымы – Қазанғап атындағы ұлт аспаптар оркестр¬інде кәдімгі үлкен әртістерше ұлттық киім киіп алып, қара қобызын мың түрлі үнге ілестіріп салып отырғанын көріп таңданатынбыз, қызыға қарайтын¬быз.
Халқымыз "Домбыра сыршыл, қобыз мұңшыл" дейді ғой. Шынында домбыра мен қобызды тыңдай қалсаң, екеуі екі түрлі әлемге алып кетеді емес пе. Киіктің асығындай талдырмаш денелі жас қыздың қара қобызы бабаларымыз өмір сүрген алыстағы ғасырлар тереңіне сүңгітіп әке¬тетіндей мұңлы саздары құлағымызда қалып қойыпты. Сөйтіп Ұлмекеннің аты ерте танылды. Арал өнеріне тағы бір талант¬тың келе жатқанын айғақтаған. Мектептің 10-сыныбына келгенде жас түлектер аңсаған армандары жетелеп өмірден өз орындарын іздейді емес пе. Киелі қобызын жан серігі қылған Ұлмекен де мәңгіліктің күйін толқындатқан дәс¬түрлі өнер жолын таңдаған болатын. Қаладағы №15 орта мектептен кәмелеттік аттестат алған соң, ақбас шыңды Алатау етегіндегі әсем қала Алматыдағы П.Чай¬ковский атындағы музыка училищесіне түсті. Осыннан кәсіби білім алудың ал¬ғашқы баспалдағынан өткен соң, Қазақ¬стан¬дағы өнер саласындағы ең іргелі оқу орны – Құрманғазы атындағы консерва¬тория қабырғасынан жоғары білім алды. Кешегі айдынды Арал жағасынан келген бойжеткен «Қобызшы» ұлттық аспаптар оркестрінің жетекшісі мамандықтарын игерді. Осы екі оқу орнында оқи жүріп қазақтың қаншама талантты адамдарымен танысты, жете араласты, жаңа орталарға кірді. Бойларындағы дарынымен даралан¬ған өнер және шығармашылық адамдары¬ның өздері бір-бір мектеп емес пе. Бұл жа-ғынан Ұлмекен Ұзақбайқызының жолы болды. Қазақ өнерінің қаймақтарының арасында өз деңгейін көрсетіп жүрді.
Ол жас толқын өнер иелерінің арасынан болашақ өмірлік жарын тапты. Ол күй өне𬬳ндегі жарқыраған жас жұлдыз, кере¬мет ән¬ші, Батыс Қазақстанның тумасы Мұрат Каримуллин болатын. Оның күй¬шілік дары¬ны қазақ елінде ерте танылды. "Қазақстан" телеарнасында халықтық өнер¬ді насихат¬тау¬шылардың бірі болды. Баяғы өнер сер¬ілеріндей дараланған Мұратқа жер¬лесіміз, ақиық ақын Жарасқан Әбдіраш¬ұлы:
Ол күйші еді, елеңдеткен құлақты,
Ол әнші еді, жақындатқан жырақты.
Ел едік қой еркелеткен серісін,
Еске алайық Каримуллин Мұратты, – деп өлең арнаған. Еске алайық деуі - өнер көгінде аққан жұлдыздай жарқ еткен кере¬мет өнерпаз 37 жасында келместің кемесі¬не мініп кеткен-тұғын.
«Әйел адам тастай берік, гүлдей нәзік» дейді дана халқымыз. Сезім мен сырды әл¬д謬леген өнер адамы болса да, жігері мен қай¬раты шыңдалған Ұлмекен Ұзақбайқызы өмір¬дің көп қиыншылығына шыдап қана қой¬май, алдағы күнге құштарлығын таны¬та біл¬ді. Бүгілсе де сынбады, сүрінсе де құла¬мады. Болашақтағы ақ жарылқап әдемі күндері¬не қарай қадам баса берді. Әр қадамы қаз¬ақ мәдениетінде, соның ішінде Ұлттық теле¬визия саласында өз таңбасын қалдырып отырды. Оның жеке іс парағын¬дағы дер-ектерге көз жүгіртсек те болады. Аралдың өнер деп ұшқан қарлығашы та¬лай биіктер¬ден көрініпті. Ел-жұртқа кең¬інен танылып, аузы дуалы мәдениет май-талманына ай¬налыпты. Республикалық телевидениеге ІІІ категориялы режиссердің ассистенті лауазымына қабылданып, осы саланың аты мәш¬¬һүр саңлақтарынан көп нәрсе үйренді. Із¬денімпаз Ұлмекеннің шығармашылық қабі¬летін бағамдаған телевидение басшылары оған І категория¬лық режиссер ассистенті санатын беріп, «Сана» мәдени бірлестігіне қызметке тағай¬ындады. Аз уақыт өтпей-ақ кіші мемлекет¬тік «Тамаша» ойын-сауық отауына екінші режиссер лауазымына қа¬б¬ылданды. Бұл өткен ғасырдың 90-жыл¬дарының шегі еді. Атақты "Тамаша" өнер ұжымының әрбір концерті, қойылымы ел-іміздің мәдени өмірінің үлкен бір оқи¬ға¬сын¬дай қабылда¬натын. Осы «Тамашада» ондаған жас та¬ланттар бір күнде ел-хал¬ық¬қа танылып, аты мәшһүр болып жата¬тын. Әзіл-сықақ қойылымдарының бас режис¬сері Лұқпан Ес¬енов, скетч-интер¬ме¬дия а⬬тор¬лары Шөм¬ішбай Сариев, Батыр¬хан Дә𬬳м-бетов, Жарасқан Әбдірашұлы, көр¬ерменге күлкі сыйлаған керемет әртіс¬тер Құдай¬бер¬¬ген Сұлтанбаев, Тұңғышбай Жаманқұл¬ов, Ли¬дия Каденова, Мейірман Нұр¬еке¬ев, Тоқ¬сын Құлыбеков, Уайс Сұл¬танғазин, Асыл¬бек Бор-анбаевтармен бірге қазақ өнерін¬дегі осындай ерекше театр¬дың негізін қа¬лау-ға атсалысты. Бір қызық жері, осылар¬дың негізгі бір бөлегі айдын¬ды Аралдың тумалары еді. Сол ағаларына ер¬келеп, олар¬дың бойындағы өнерден үй¬ре¬ніп, адами асыл қасиеттерімен таны¬сып, жақсы ортаның қандай болатын¬ды¬ғын сезінді.
1995-2000 жылдары үлкен ұстазы дүн¬¬иеден өткеннен кейін, Лұқпан Есенов ат¬ындағы «Тамаша» мәдени фондысының бас режиссері болды. Мұнан кейінгі жыл¬да¬ры Ұлмекен Ұзақбайқызы «Қазақстан» Ұлт¬тық телеарнасының режиссері ретін¬де қыруар жұмыстар тындырды. Шоу бағ-дарламалар мен ақын-жазушылардың шығармашылық кештері, этно-мәдени дер¬¬екті фильмдер мен тікелей хабарлар түс¬іргеннен бөлек, ұлттық мәдениеттің да¬муына, мәдени-ағартушылық, ұлттық құн¬дылықтарға толы бағдарламаларды ұс¬ы¬нып, жарыққа шығаруға септігін тигізді.
Режиссер Ұлмекен Төлеуова дайындап жарыққа шығарған телевизиялық бағдар¬ла¬малар қатарында «Терме», «Көңіл сазы», «Халық таланттары», «Көңілашар», «Ал¬тыбақан», «Жетісаз», «Жүздесу», «Қол-таңба», «Келбет», «Рух дидары», «Поэзия әлемі», «Сөзмерген», «Әлі есімде» бар. Аталған хабарлар ондаған жылдар бойы қазақ көрермендерінің жүрегінен орын алып, Ұлттық арнаның жоғары рейтингтік бағдарлама қатарына кіріп, әрқайсысы апталық эфирде жылдар бойы көрсетіліп келді. Шеф-режиссер, қоюшы режиссер санатына дейін қызметте өскен Ұлмекен 2016 жылы зейнеткерлікке шықты. Әрине, өнер адамы, шығармашылық адамы еңбек демалысына шықтым деп қол қусырып от¬ырып қалмасы мәлім. Балаларына жақ¬сы тәрбие беріп, немере сүйіп, қызыққа кенелумен қатар қоғамдық өмірге де бел¬сене араласатынын жақсы білеміз.
Туған жерінде табиғат жанашырлары құрған «Тұран ойпаты – Арал теңізі» қоғамдық бірлестігімен байланысқа шық¬қан Ұлмекен соңғы жылдары адамзаттық көлемде экологиялық апат аймағына ай¬налған туған жерінің бүгінгі хал-жайына бей-жай қарап отыра алмады. Арал тең¬ізіне қатысты түрлі мәселелерді баспасөз бетінде көтеруге, жоғарыдағы министр¬лік¬терге жеткізуге бар күшін салып келе¬ді. «Экомарафон – 2022» экологиялық ак¬ция кезінде Арал топырағына келіп, осын¬дағы барлық шаралардың бел ортасында жүріп, өзінің перзенттік жанашырлығын көрсетті. Әйтеуір қарлығаштай болып тартылған теңізге бір тамшы су болса да құйсам деген тілекте жүрген Ұлмекен Төлеуованың біз білетін азды-көпті ғұмырбаяндық жолы осындай.
Е. АБДУЛЛА
25 наурыз 2023 ж. 872 0