Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Әкім мен хатшы ән салғанда...

Әкім мен хатшы ән салғанда...

Әуелі Дайрабай имамның ән кеші өтеді деген хабар алдым. Оу-у, онда барайық деп үйішімізбен жинала бастадық. Телефон қайта соғылды. "Жоқ, аудан әкімі мен мәслихат хатшысы ән шырқайтын көрінеді, тез келіңіз", деді. Сонымен бардық. Халық көп жиналған. Қалалық мәдениет үйінің іші лық толған. Сұрастырып білгенім«Сағындырған әндер-ай» деген қарттар күніне арналған концерт екен. Сахнаға жеңсіз масаты бешпент киген киіктің лағындай сұлу ханым жүгіріп шықты. Жанында әнші Қуаныш бар. Екеуі концерт жүргізді.
– Мына көркем келіншек кім? –деп сұрадым жанымдағыЖақаңнан.
– Танымай қалдың ба, Маруся Нұрмағамбетова ғой, –дедікүліп.
– Жасарып, құлпырып кетіпті ғой! Шымылдық «Аралвальсі» әнімен ашылды.Солай дегенімше болған жоқ, аудан әкімі НәжмадинМұсабаев мінбеге көтерілді. Қарттар күнімен құттықтады. Құлағы құрғыр нашар, бірін есітіп, бірін есітпеймін. Бір кезде әкім мырзаңыз З.Шүкіровтің сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың «Сыр сұлу» әнін шалқытты-ай! Бұны жақсы есіттім. Даусы ашық екен. Әкіміміз де әнші екен-ау, деп марқайып қалдым. Және оны "аймағымыздың бәйге торыларының бірі-ау" деп мінездей келіп, сол қорды басқаратындықтан ба, өзін Жалаңтөс Баһадүр бабасына ұқсатып жібергендей болдым...
Әлгі Жықаңбіздегі мәслихат хатшысы да әнші әрі музыкант, ұстаз, журналист деп сайрай жөнелді, студент кезінде «Замандас» қазақ телеарнасында өнер көрсеткен, жастардан құралған «Жас түлек» ансамблінің белді мүшесі болған, Мәскеудегі халық шаруашылығы көрмесінде ашық алаңда ән шырқаған... Әні өзі де шыға келді...
Ау, бұл Әнес Әуезов қой, деп күнде көріп жүргенкөршімді жете білмегеніме өзіме ренжідім. Ол болса Ілия Жақановтың «Еділ мен Жайық» әнін ай бір айызыңды қандыра шырқады. Өзі де ұзынбойлы, сымға тартылғандай сымбатты, көркем екен. Әй, қазақ қыздары-ай! Елде осындай азаматтар барда шетке қашатындары қалай? Міне, осындай бесаспап, басшы да, әнші де, ұстаз да бола білген сүйкімді жігітті таңдаған сол үйдегі келініме жүдә разы болдым.
Есімде қалғаны Жәлеледдин Әбішов, Марат Әлиев,Бостандық Ормаханов, Өмірзақ Айтжанов, Базар Қостайқызы, Бекболат Садуақасов, Қани Баймағамбетов, Ажар Аймағамбетова, Мақашбай Алмағамбетовтер кезек-кезек өнер көрсетті. Солардың ішінде С.Тұрдалиевтің сөзіне жазылған өз әні «Сәулем-ау»-ды келістіре орындаған Дабыл Омаров болды-ау деймін.
Сахнаға сыйлас інім Зағаладин Өтенов келе жатқанда:
– Ау-у, бұл да ән орындай ма?– деппін. Шоқпардай денесі әнге емес, палуанға арнап соғылғандай көретінмін. Және қаншама дастарқан басында кездескенде «Әу-у» дегенін есітпегенмін. Зағаладин шоқпардай қалпымен-ақ бізді қырғыздың «Ұмытқан» әнімен күлкіге қарық қылды.
***
Асыға күткен Дайрабай имам да көрінді. Ұмытпасамүстінде қызыл шапан, басында әсем төбетей. 70 жасқа қарай аяңдаған кезі еді. Ол бірінші парсының «О, лунна дикая» әнін орындады. Көпшілік құрмет көрсетті. Және халық одан үнді фильмінен «Радждың» әнін орындауды сұрады. Оны билеп жүріп тындырды. Жұрт қошеметтеп, орындарынан тұрып кетті. Бауыржан Жылқайдаров «Цыганский романс», Шудабай Ілиясов «Ардағым» әнін орындағанда да көрермендер дуылдата қол соқты.
***
Әй, сол бір кештегі концертті құмарта тындағаным-ай!Қариялардың көңілі көкте жүзді. Содан бері де онүш пе, әлде онтөрт жылдай уақыт зымырады. Бәрі де ойымда. Өткенді қайталағанда алған ләззатың, жетістігің мен кем-құтығың да көз алдыңа келіп тұра қалады екен...
Дайындаған Шәкірат Дәрмағамбетұлы,
тыл ардагері
11 сәуір 2023 ж. 418 0