Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Сағындырған Шәмші аға»

«Сағындырған Шәмші аға»

Табиғаттың тебіренген, қуанған шағының перзенті – әнші болса, сол перзенттің иесі де, іздеушісі де халқы емес пе?! Осы орайда, ән өнерiн дамыту, жастар арасында ән шығармашылығының дамуын қолдау, сонымен бірге қазақтың дарынды композиторы Шәмшi Қалдаяқовтың шығармаларын насихаттау мақсатында көптеген шығармашылық байқаулар өткізіліп келеді. Соның бірі - Райым ауылдық клуб үйінің ұйымдастыруымен өткен Қазақ әнінің ән падишасы Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен «Сағындырған Шәмші аға» атты аудандық онлайн ән байқауы. Ескі әндер мен есті әндер жиынтығы саналған бұл байқауға 14 үміткер, 1 қалалық мәдениет үйі және 13 ауылдық клуб қатысқан болатын. Талантты жастарға баға беруші әділ-қазылар алқасы арасында төраға аудандық мәдениет үйінің директоры Қ.Қуанышов, сонымен қатар мүшелері аудандық мәдениет үйінің музыка маманы Н.Қайырлапов, Райым ауылдық клуб үйінің директоры А.Тажимбетов болды.
Байқаудың әділ шешімі бойынша Бас жүлдені Қаратерең ауылынан Н. Дүйсенғалиева иеленсе, I орынды Құланды ауылынан Г. Балмағанбетова мен Ақбай ауылынан Д. Мырзалық, ІІІ орын Шөмішкөл ауылынан А. Нұрманова мен №281 негізгі мектебінен Ғ. Сүлейменоваларға бұйырды. Сондай-ақ басқа да өнерлі қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.
«Қазақ вальсінің королі» атанған әйгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың әндері әлі де ел есінде.

А. АМАНОВ
06 желтоқсан 2021 ж. 1 328 0