Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шәмші Қалдаяқовтың мерейтойы қарсаңында өткізілетін іс-шаралар

Шәмші Қалдаяқовтың мерейтойы қарсаңында өткізілетін іс-шаралар

Мәдениет және спорт министрлігі 15 тамыз күні танымал композитордың 90 жылдығына арналған онлайн режиміндегі  бірқатар іс-шаралар өтетіні туралы айтты.
Мерейтой күні Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі әзірлеген Халықаралық Шәмші әндері фестивалінің онлайн-көрсетілімімен бастау алады.
Отырар ауданының Шәмші Қалдаяқов туған өлкесінде 14 тамызда сағат 15:00-де композитор өмірге келген, қайта жаңартылған музей-үйінің ашылу салтанаты өтеді. Ашылу салтанатында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев және композитордың Шәмші Қалдаяқовтың ұлы Мұхтар Қалдаяқов қатысады.
Кейіннен осы жерде композитордың ескерткішіне салтанатты гүл қою рәсімі өтеді.
Осы күні "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" жанындағы "Концерттік-гастрольдік қызмет орталығы" Халықаралық "Менің Қазақстаным" музыкалық челленджінің тұсауын кесіп, жыл соңына дейін жалғастырмақ. Бұл музыкалық марафонға қазақстандық белгілі әртістер мен актерлер, спортшылар мен мемлекет және қоғам қайраткерлері, алыс-жақын шет елдердегі қандастарымыз бен күллі отандастарымыз атсалысады деп күтілуде, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube арнасы арқылы "Жаз әуендері" жобасы аясында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының "Ән падишасы – Шәмші аға" атты онлайн-концерті көрермендерге ұсынылмақ.
Ұлы музыканттың шығармашылығын жақсы көретіндер үшін Министрліктің Youtube арнасы арқылы арқылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының "Қазақ вальсінің королі" концерті қолжетімді болады.
Мерейтойлық шаралар кезегін Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы жалғастырып, ел назарын "Қазақ вальсінің королі – Шәмші Қалдаяқов" виртуалды онлайн-көрмесіне жалғастырады. Одан басқа, ҚР Ұлттық кітапханасының әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен "Менің Қазақстаным" атты концерті өтеді, - деп хабарлады ведомство.
Шәмші Қалдаяқовтың 90-жылдығын мерекелеу шараларына Зағип және көру қабілеті төмен азаматтарға арналған республикалық кітапхана да ат салысады. Ұйым көрермендерге "Ән-аға" атты әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырмақ, кейіннен Шәмші шығармаларын жақсы көретін оқырмандарына "Қазақстанның Халық артісі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл" атты музыкалық видео-дәрісін сыйламақ.
Осы жылы Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойын мерекелеуге арналған министрліктің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында тұңғыш рет Қазақстан суретшілерінің шығармашылық жұмыстары негізінде "Шәмші әлемі" атты онлайн мультимедиялық көрме ұйымдастыру және жоба нәтижесінде шығармашылық жұмыстардың каталогын шығару көзделгендігін атап өткен жөн, - делінген хабарламада.
Аталмыш жоба аясында Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығы мен қазақ ән өнерінде қалдырған ауқымды мұрасы еліміздің барлық өңірлерінен жиналған суретшілердің туындыларында бейнеленетін болады.
Одан бөлек республикалық музейлер мен кітапханалар шетте қалмайды. Өздерінің әлеуметтік желідегі парақшаларында көрермендер назарына композитордың өміріне арналған виртуалдық көрмелер мен онлайн лекцияларын ұсынбақ.
baq.kz

14 тамыз 2020 ж. 702 0