Еленбей кеткен бір бейне

– Әй,жырауым, бір жырлап жіберші, – дегенде Жанділда да қамшы салдырмай түннің бір уағына дейін жырлайтын.
Бірде іссапармен Саздыға барып, бірқатар отарларға баруға тура келді. Қасымда әдеттегідей Жанділда ағам.Мал төлдеп жатқан уақыт. Бір отарға барғанымызда қыстаудан жайлауға шығып, мал төлдеп,абыр-сабыр болыпжатыр екен.Бізге қарауға шамалары жоқ. Шопан Жанділдамен қатар,шамасы құрдас болу керек,екеуі әзіл-қалжыңды жіберіп жатыр.Әлгі шопан (атын ұмытыппын) ерте туған бір марқа қозыны алып келіп:
– Әй, Жанділда, қасыңда қонағың бар екен, мына қозыны сойып,ана қатыныңа (қатын демейді,қатыныңа дейді,сірә құрдастығы болар) көмектес,менің уақытым жоқ, мына маңайдағы бір-екі үйді шақырып келейін – депатына мініп жүріп кетті. Жәкең қозыны әп-сәтте сойып дайын етті. Сонда байқағаным,Жәкең жүрген ортасына аса сыйлы екен, әрине өзі жырау-термеші,сал-сері болса жұрт оны неге сыйламасқа,құрметтемеске. Оныңүстіне ақкөніл,бала мінезді,ешкімнің көңілін қалдырмайтын,қатты сөз айтуды білмейтін,ешкімді ренжітпейтін.Ол өз жұмысын жан-тәнімен беріліп, сүйіп істейтін,тынымсыз болатын. Кейде іссапармен Саздыға бара қалғанда Жәкеңнің отар аралап кеткен үстінен шығатынбыз.Қоржынның бір жағына кітаптар мен жаңа келген газет-жорналдарды, екінші жағына шашка,шахмат,дойбы сияқты дүниелерін толтырып,домбырасын асынып,атпен ферманың 30-ға жуық отарын аралап, поштаның да қызметін қоса атқарып жүргені. Сырттай қараған адамға ол баяғының Біржан салы,Ақан серісісияқты көрінер еді.Ол жұмыс істеген жылдары Сазды қызыл отауы аудандағы алдыңғы қатарлы мәдениет мекемелерінің бірі болды. Сол жылдарда озат мекемелерге жыл қорытындысымен «Озат клубқа», «Озат кітапханаға», «Озат автоклубқа», «Озат қызыл отауға» деген қызыл жалаушалар (вымпел) тапсыру дәстүріміз бар еді. Соны Жәкеңнің қызыл отауы жиі иемденетін.Жанділда ағамыз қоғамдық жұмысқа да белсене қатысты.Біраз жылдар бойы аудандық Қазанғап атындағы халық оркестрінің тұрақты мүшесі болды. Оркестрмен бірге ауданның көптеген елді мекендерін аралап, өзінің жыр-термелерімен жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.1974 жылы оркестрмен бірге Мәскеуде Бүкілодақтық жетістіктер көрмесіне қатысып, оркестр концертінің ашылуын жыр-арнауменашып берді. Осы сапарда оркестр және оның бірқатар мүшелері лауреат атанды. Соның ішінде Жәкеңде бар. Дирижер Сайлау Тілепов алтын медальға ие болды.
Жанділда әкесі Әбіштен үш ағайынды – Байділда, Қайырла,Жанділда. Руы – Домақ. Ол Әнесқызы Лиманмен отау тігіп,екі ұл,үш қыз көрген. Рысжаны, Мейрамкүлі, Ғабиті, Айназы қазір Ақтөбеде тұрады. АралдаЖеңісі бар. Бәрі де үйлі-баранды,ел қатарлы еңбек етіп жүріп жатыр. Ағамыз 1936 жылы туып,1983 жылы,ал жеңгеміз Лиман 1988 жылы қайтыс болған.Жақында ағамыздың ұрпақтары әке-шешелеріне Құран бағыштап,ас бермекші екен, Алла қабыл етсін. «Орнында бар оңалар» деген осы. Міне, менбілетін Жанділда ағамыз осындай жан еді.
Ж. ТӨРЕБЕКОВ,
мәдениет саласының ардагері