Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Заңнамалық тұрғыда ұлттық өнердің статусын айқындау қажет" — Аманжол Әлтай

"Заңнамалық тұрғыда ұлттық өнердің статусын айқындау қажет" — Аманжол Әлтай

"Заңнамалық тұрғыда ұлттық өнердің статусын айқындау қажет" — Аманжол Әлтай

Айтыскер ақын, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай «ADAL ADAM» youtube-арнасына берген сұхбатында ұлттық өнерге нақты статус беру керегін айтты.

«Жыраулық, айтыс, күйшілік секілді ұлттық өнер түрлерінің заңнамалық статусы анықталмаған. Арнайы норма жоқ. “Мәдениет туралы” заңда осы мәселені ескеру қажет. Сонда ғана ұлттық өнерді мемлекеттік дәрежеде қамқорлық көрсетуге мүмкіндік туады деп ойлаймын.
Бұл орайда бар салмақ Мәдениет және ақпарат министрлігіне түседі»,  — деді айтыскер.
Сонымен қатар А.Әлтай аталған пікірді депутаттық сауал есебінде көтеріп, құзырлы органдарға жеткізуге ниетті екенін айтқан.

05 қараша 2023 ж. 1 351 0