Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жылы жүзді болу

Жылы жүзді болу

Мұсылман баласы жұртқа әрдайым жылы жүзбен күлімдеп қарауға тиіс. Өйткені бұл дініміз қош көретін амал. Пайғамбарымыз (с.а.у.) “Сендердің мал-мүліктеріңмен жұртты разы қылуға шамаларың жетпейді. Ал сендердің күлімдеген жүзің мен көркем ахлағың бәрін риза қылуға жетеді” деген.

Aбдулла ибн Мүбәрактан “Көркем ахлақ?” деген не деп сұрайды, “Жылы жүзді болу және Исламның әдеміліктерін жұртқа тарату” деп жауап берген.

Мұсылман баласы діндес бауырымен жолыққанда оған күлімдеп сәлем беруге тиіс. Хадистерде баян болғандай осылай еткен адамның күнәлары ағаштың қураған жапырақтарының төгілгеніндей болып төгіледі. Діндес бауырына жылы жүз танытқан адам оның ықыласына ие болуға тиіс.

Жылы жүз (күлімдеу) – ғалымның азығы. Өйткені жылы жүз қыңырлықтың қызуын басып, өшпенділіктен туындаған көңілдің өршіген арынын бәсеңдетеді. Мұның достар арасына іріткі салғысы келетіндерден сақтандыратыны бар.

Хадис ғалымдарынан Саид ибн Абдуррахман әз-Зәбиди (раһ.) айтқан: “Ғалымдардың арасында халыққа жеңіл жол көрсетіп, жылы жүз, жылы сөзбен қарайтындарын өте жақсы көремін. Күлімдеп жанына барғанда қабақ түйе қарсы алған, істеген ісін не жақсылығын міндетсінген адамның -ғұлама болса да- Алла Тағала санын көбейтпесін”.

Біреуге қандай да бір жақсы амал нәсіп болса, өзі тәрізді амал жасамаған кемшілігі/айыбы бар адамды көргенде өзінің істегеніні есіне түсіп, оған қабақ шыта қарағаны дұрыс емес. Керісінше жылы қабақ танытуы керек. Және өзіне сол жақсы амалды бұйыртқандықтан Алла Тағалаға мадақ айтып, шүкіршілік қылғаны жөн.

Хабиб ибн Әбу Сабит (рah.) айтқан: “Адамның жолдасымен күлімсіреп тілдесуі – көркем ахлақ”.

Ибн Омар радиаллаһу анһүма былай деген: “Сөз жоқ, жақсылық жасау өте оңай нәрсе; ал ол – жылы жүзбен қарап, жұмсақ тіл қату”.

Алайда күнәға ашық баратын, пасық және бидғатшы адамға қарап жылы жүз танытуға болмайды. Олардың ісіне қарсы шығу қажет.

muslim.kz
(Сурет ашық дерекөзден)
15 желтоқсан 2023 ж. 838 0