Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ардақты ардагер

Ардақты ардагер

Биыл адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғыс – Ұлы Отан соғысы аяқталғанына 80 жыл толмақшы. Бұл шайқас халық үшін бітпестей болған алапат соғыс. Бірақ қан майданда соңғы демі шыққанша күресіп, жаудың қанын төккен батырларымыздың арқасында ұлы жеңіске жеттік. Ол ел үшін жәй ғана жеңіс емес, ұрпаққа мәңгі ұран болатын ұлы жеңіс.Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн.
Сол кездегі қатал уақыттарда қаһармандықпен соғысқан миллиондаған адамдардың қатарында қазақ елінің азаматтары да ерлікпен шайқасты. Елін үшін жанын берген бұл батырларымыздың есімі әлі күнге дейін жадымызда сақталып келеді.
Аты алтынмен жазылатын батырларымыздың есімі көп. Бұл есімдердің қатарында ереулі орын алатын Арал қаласынан шыққан батыр, Еңбек ардагері, Ұлы Отан соғысы орденінің иегері Мыңжасаров Маханбет.
Мыңжасаров Маханбет 1925 жылы Арал қаласы, Ақшатау елді мекенінде дүниеге келген. Аманөткел Ақшатау елді мекенінде бастауыш мектептерінде білім алған. Алайда сұрапыл соғыс уақыты оны көпке ұзатпай 1942 жылы небәрі он жеті жасында үлкен қан майдан шайқастың арасына барады. Жас болса да, бас бола білген жас жеткіншек соғыста батыс майданында болып, Днепрді азат етуге қатысқан.
Батыр жастық шағын ғана емес, ғұмырын елі үшін қызмет етуге арнаған. Соғыстан оралғаннан кейін 1945-1958 жылдары Аудандық Ішкі Істер бөлімінде қатардағы миллиоционер болып жұмысқа орналасты. Өзіне берілген жолдама арқылы Ташкент қаласындағы арнаулы миллиция курсын бітірді. Көп ұзамай миллиция кіші лейтенанты атағын алып, Арал аудандық Ішкі Істер бөлімінде аймақтық инспектор паспорт стол бастығы болып қызмет атқарған. 1950 жылдың соңына қарай денсаулығының күрт өзгеруіне байланысты Арал қаласындағы балық комбинантында 1985 жылға дейін әр түрлі жауапты қызмет атқарған.1985 жылы кәсіптік қызметінен босап зейнеткерлікке шыққан. 1986 жылы ауыр науқастан ардагер көз жұмды.
Жұбайы Ләтипова Арумен бір ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірген. Олар Мыңжасаров Ақтай, Мыңжасаров Қазына, Мыңжасаров Жұлдыз. Соғыс және еңбек ардагері Мыңжасаров Маханбет Ұлы Отан соғысы орденімен және бірнеше медальдармен марапатталды. 2023 жылдың 11 тамызында Арал қаласының жаңадан салынған көшесіне ардагеріміздің есімі берілді.
Маханбет ата –  қасық қаны қалғанша өз Отанын қорғап, қызмет еткен нар тұлғалы ер азамат. Қазақтың қабырғасын қайыстырған сұрапыл соғыстың қиыншылығына төзіп, жеңе білген батыр. Маханбеттей Отанын қорғаған жауынгер – солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектері мәңгілік өшпестей болып жүректе қалады.
Ғылыми жетекшісі Фатима Қозыбақова
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Қазақстан тарихы
кафедрасының профессоры, т.ғ.к.
Мұратова Ақерке
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Филология факультеті І курс студенті.
18 сәуір 2024 ж. 1 060 0