Парақорлық

«Пара алғанға, бергенге және олардың арасында параға арашы адамға да Аллаһ лағынет етсін». (Хаким)
«Пара алған да, берген де тозақта». (Табарани)
Мемлекеттің қоғамдық қызметтерді атқаруы үшін және елге көмектесу, ауырын жеңілдету үшін тағайындалған заңды тұлғалардың пара алуы халықтың мемлекетке деген сенімін сейілтеді. Лайық болмаған адамдарды жұмысқа алу үшін пара алу елдің тізгінін сауатсыз, қабілетсіз қолдарға тапсырумен тең.
Парақорлық – елді рухани жағынан да, материалдық жағынан да аздыратын індет. Парақорлық пәлекетін жою үшін ислам ахлақымен (мінез-құлқымен) мінездену керек. Өйткені ислам ахлақымен мінезденген мұсылман ешкімнің ақысын жемейтіні, әділетсіздік етпейтіні сияқты, әділетсіздік орын алуына да разы болмайды. Мұсылманда Алла қорқынышы болатындықтан парақорлыққа себепші болудың өзінен де жыртқыш аңнан қашқандай қашады. Сондықтан балаларымызды, жастарымызды ислам ахлақымен жетілдіруіміз ең басты міндеттеріміздің бірі.
Ақпарат көзі: muslim.kz
Фото: ашық дереккөз