Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлықпен күресу – баршаның міндеті

Жемқорлықпен күресу – баршаның міндеті

Қоғамды індеттей жайлаған сыбайлас жемқорлықтың ауыр бір саласы - парақорлық. Парақорлық – елдің дамуына кедергі келтіретін кертартпа кеселдің бірі. Жемқорлық, парақорлық етек алған жерде әділдік пен шындыққа, ізгілік пен адамшылыққа орын алмайды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттердәйектілікпен жүзеге асырылуда. Алайда қоғам тарапынан батыл айыпталып, әшкерленіп, тиісті мемлекеттік орындар ашық күрес жүргізіп жатқанына қарамастан, елімізде жемқорлық көріністері тыйылмай, керісінше әділеттілік, елдік, тұтастық сынды құндылықтарды жегі құрттай жалмап бара жатқаны қатты алаңдатады. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі – парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларынтүп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді, заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды. Парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда әлеуметтік аурудың алдын алу және әшкерелеу үрдісі жылдан жылға өсе түсуде. Парақорлықпен елімізде көбіне-көп қолында билігі бар, шешім шығаруға, бөліп бергізуге өкілеті жететін қызметкерлерінің айналасып отырғанын көрсетіп берді. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы. Бұлзаңның ерекшілігі сол, билік басындағы лауазым иелерінің қызмет бабын жеке басының мақсаттарына пайдалануына, келеңсіз әрекеттеріне тосқауыл қою болып табылады. Сонда ғана олар қарапайым халықтың сенімін ақтап, қоғамның тежеусіз дамуына үлес қосқан болар еді. Осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсықоғам болып белсенділік танытып жол бермеу міндетіміз болып табылады.
Қ.Арғынғазиев,
«Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві» КММ-нің
«Арал аудандық архиві» филиалының қойма меңгерушісі
Фото: ашық дереккөз 
02 сәуір 2024 ж. 155 0