Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қыпшақтардың Қазақстан тарихындағы орны

Қыпшақтардың Қазақстан тарихындағы орны

Қыпшақтар XI ғасырда мемлекеттілігін дәлелдеп, XIII ғасырға дейін қазіргі Қазақстан территориясының көп бөлігін уысында ұстаған ел. Алтайдан Еділге дейінгі кең территорияны «Қыпшақтар даласы» деп атағаны көбімізге мәлім. Осыншама кең даланы билеп, Русь пен Еуропаны сескендірген қыпшақтар жайлы не білеміз? Қыпшақтар жайлы деректер кімдердің еңбегінде кездеседі? Олардың қазаққа не қатысы бар?Жалпы Қыпшақтар жайлы біз орта ғасырлық түркі ғалымдарының еңбектерінен біле аламыз. Махмұд Қашқаридің деректеріне сүйенсек,қыпшақ хандарының алғашқы атасы Абар хан болған екен. Ал Алтын Орда дәуірінде өмір сүрген Рашид-Ад-Дин қыпшақтардың саясаты,ұстанымдары жайлы деректер қалдырған. Рашид-Ад-Диннің айтуынша қыпшақ қоғамында Ұран тайпасының беделі ерекше болған. Бұны қыпшақтардың саяси досы Хорезмнің шахы Мұхаммед II шешесі осы Ұран тайпасынан болғанымен түсіндірген.
XIII ғасырдың бірінші жартысында қыпшақтар Шыңғыс ханның тұңғышы Жошыны хан етіп мойындап, оған адал қызмет атқарады. 1227 жылы Жошы хан дүниеден өткен соң,таққа ұлы Бату келеді. Ол 1242 жылы кейбір деректерде «Қыпшақ мемлекеті» аталатын «Алтын Орда» мемлекетін құрып», Дешті Қыпшақтағы» билігін нығайтады. Батуды қыпшақтар өз ішінде Сайын(Ақылды) хан деп атаған. Осы дерек арқылы Бату мен қыпшақтардың арасында тығыз байланыс болғанын біле аламыз. 1235 жылы Бату Батысқа жорық бастайды. Бұл жорықтың мақсаты-Еуразияның батыс бөлігін жаулап алу және Батыс Еуропа мемлекеттерін бағындыру туралы «Шыңғыс ханның өсиетін» жүзеге асыру болды. 1235-42 жылдар аралығында қыпшақтардың үлкен көмегімен Бату Русь пен Еуропаның бірнеше мемлекеттерін жаулап үлгереді. Осы жорықтан кейін қыпшақтар әлемге танылып, Русьте «половшылар», Батыс Еуропада «командар» деп аталып кетеді. Қыпшақтардың соғыстардағы жетістіктерінің басты себептерінің бірі-қыпшақ жауынгерлерінің бетпердесі еді. Мұртты адам бейнеленген бетпердені көрген жауды олар сескендірмей қоймайтын. Қыпшақтар бетпердені қорғаныс ретінде де жауды үркіту үшін де қолданған. Батудың Батысқа жасаған 7 жылдық жорығынан кейін қыпшақтардың мемлекеттегі беделі өсіп, Алтын Орданың шарықтау шегіне дейін де олар биліктен орын тапқан.
Қыпшақ руынан шыққан қазақ тарихында тұлғалар өте көп. Солардың бірі әрі бірегейі-Сұлтан Бейбарыс I.Крест жорықтарын мәңгіге тоқтатып, моңғол шапқыншылығына тойтарыс берген Ұлы даланың ержүрек перзенті. Атырау маңынан шыққан Бейбарыс сұлтанның Мысырға құл болып барып,сұлтан дәрижесіне көтерілген өмірін білмейтін қазақ жоқ шығар!? 17 жыл билік еткен тұсында сұлтан Бейбарыс Мысыр мен Сирияны ғана емес, бүткіл мұсылман әлемін «крестілер жорығынан» және Хулагу мен Кетбұға бастаған моңғол шапқыншылығынан сақтап қалады. Әлем тарихында өшпес із қалдырған қыпшақтан шыққан бабамызбен қанша мақтансақ та ерсі болмас.
   Қазақтың көптеген нар тұлғалары шыққан, өз заманында қазақ даласында жеке мемлекеті болған қыпшақтардың ұрпақтары қазір Қазақстанның саны жағынан ең көп руларыңын қатарында.Қыпшақтар-Қазақстан  тарихының үлкен бөлшегі, өз заманында Еуропаның тас-талқанын шығарған командар, Русьты талқандаған ержүрек половшылар.
Ілияс Нағашыбаев,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 1 курс студенті
28 мамыр 2024 ж. 169 0