Жала жабу діннен емес

Жала жабу деп – адамның сыртынан оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, абыройын түсіретін жалған мәлімет таратуды айтамыз.
Құранда Алла Тағала жала жабудың үлкен күнә екендігі жайында былай дейді:
وَالَّذِينَ يُؤْذُونَ الْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ بِغَيْرِ مَا اكْتَسَبُوا فَقَدِ احْتَمَلُوا بُهْتَانًا وَإِثْمًا مُّبِينًا
«Мүмін еркектер мен мүмін әйелдерді жоқтан өзгемен ренжіткендер, анық сол жаланы және үлкен күнәні өз мойындарына артқан болып есептеледі».
Жала жабудың мынадай бірнеше түрі бар:
Бірінші, Алла Тағалаға жала жабу. Бұл жаланың ең жаманы әрі ең ауыр түрі. Бұған: Құранда айтылмаған сөзді «Алла Тағала айтты» деу, Құранды әдейі бұрмалап тәпсірлеу, бір іске қатысты білімсіз түрде «адал не арам» деп үкім айту секілді істерді жатқызған. Құранда:
وَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّنِ افْتَرَى عَلَى اللَّهِ كَذِبًا أَوْ كَذَّبَ بِالْحَقِّ لَمَّا جَاءهُ أَلَيْسَ فِي جَهَنَّمَ مَثْوًى لِّلْكَافِرِينَ
«Аллаға жасанды жала жапқаннан немесе келген шындыққа қарсы болғаннан залым бар ма? Кәпірлердің орны тозақ емес пе?».
Басқа бір аятта:
قُلْ أَرَأَيْتُم مَّا أَنزَلَ اللّهُ لَكُم مِّن رِّزْقٍ فَجَعَلْتُم مِّنْهُ حَرَامًا وَحَلاَلاً قُلْ آللّهُ أَذِنَ لَكُمْ أَمْ عَلَى اللّهِ تَفْتَرُونَ وَمَا ظَنُّ الَّذِينَ يَفْتَرُونَ عَلَى اللّهِ الْكَذِبَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ
«Қарамайсыңдар ма? Алланың сендерге берген несібесінен арам, адал жасадыңдар» деген, «Сендерге Алла рұқсат берді ме? Немесе Аллаға жала жауып жүрсіңдерме?» деген. Аллаға өтірік жала жапқандардың қиямет күні туралы ойы не? Расында, Алла, әрине, адамдарға кеңшілік иесі. Бірақ олардың көбі шүкірлік қылмайды.
Қайырхан ҚАБЫЛҒАЗИЕВ,
Арал аудандық Орталық мешітінің бас имамы