Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жала жапқаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

Жала жапқаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-3 бабының 2-бөлігімен 1995 жылы туылған азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азамат Ж. «ВК» интернет желісінде жәбірленуші К-ның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін былапыт сөздерді жазып, яғни телекоммуникациялар желісін пайдалана отырып жала жапқан.

Сот отырысында құқық бұзушының құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен азамат Ж. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-3 бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік  қамаққа алынды.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 26 маусымдағы Заңымен Қылмыстық кодекстегі 130-бап (жала жабу) қылмыстар қатарынан алынып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ауыстырылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
07 желтоқсан 2020 ж. 708 0