«Бірлік» атты ата берсін таң күліп!
Билік құмар суайттарға қалай ғана жағайын?
Бар өмірімді, өнерімді арнасамда жақпадым,
Елім үшін, Алла берген қазынамның
ашып алтын сарайын!
Уа, жаратқан жапбар йем!
Уәдешіл бастықтан сақта!
Күндікшіл достықтан сақта!
Қызғаныш-қастықтан сақта!
Бәрінен де,
Рухани аштықтан сақта!
Рухы мықты Ел мәңгілік!
Рухы әлсіз ел әңгүдік...
Осыны Билік түсініп,
«Бірлік» атты ата берсін таң күліп!
Ойлан Билік ойлан,
Қазір бізге керегі
Ұлттық мәдениеті дамыған рухани майдан,
Басшысын халық сайлап қойған.
Ойлан билік ойлан,
Әрқашан да аулақ бол жалған ақпар, алдамшы ойдан.
Тек «Шындық» болсын ұранымыз, туымыз -
Сонда ғана Рухы мықты Ел боламыз мәңгілік,
Қанатын кең жайған!
Мұрат СЫДЫҚОВ,
Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері,
Махамбет атындағыалтын медальдің иегері.
«Халық алғысы» медалінің иегері,
күйші-композитор, ақын-жырау.