Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қайран, Арал!

Қайран, Арал!

Көп мұңайтқан біздерді қайран Арал,
Қаумалаған құм-көшің қайда барар?!
Суың қайда кешегі көк теңізім,
Ағысың – арман-ойды өрге салар.
Қайырлап жағалауға шөкті кемең,
Діңгегі майысып көк тіреген.
Томсырайып толқының толқымайды,
Баладай анасына өкпелеген.
Түсіме кіріп тұнжыр жағаң күнде,
Жүрекке жүктеп жүрмін жаңа міндет.
Боламын деп Аралдың арашасы–
Жарасын жүректегі жазамын деп.
А. ЖҰБАНЫШЕВ
08 қазан 2024 ж. 171 0