Ұлттық құндылықтарды насихаттады

Тағылымы мол тәрбиелік іс-шараға балабақша тәрбиеленушілерінің әжелері, облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Айгүл Мұсабаева, белсенді мүшелері Наталья Мишукова, Үйтолған Жареке, Жанна Мирамбекқызы және ардагер ұстаздар мен Әжелер ансамблінің мүшелері қатысты.
Шараға қатысқан әжелер мен немерелер арасындағы рухани үндестік, ата-баба мұрасын дәріптеген ойындар, шеберлік сағаттары мен әсерлі ән-билер қатысушыларлың көңілінен шығып, ерекше ықыласқа бөленді.
«Сәлем – сөздің анасы» атты таныстырудан бастау алған кеште ұлттық болмыстың алтын арқауы — әже тәрбиесі, халық даналығы мен салт-дәстүрдің сабақтастығы кеңінен көрініс тапты.
Аналар кеңесінің төрағасы Айгүл Мұсабаева ұлттық рухты дәріптейтін жобалар — «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт», «Сарбаздар анасы», «Ақ орамал», «Айналайын» сынды бастамалар туралы баяндап, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында атқарылып жатқан игі істермен бөлісті.
Кеш соңында әжелер мен бүлдіршіндер бірігіп жасаған «Шебердің қолы ортақ» қолөнер бұйымдары – халық мұрасының өміршеңдігін дәлелдегендей.
Фото: Ассамблея Қызылорда