Әжелер, аналар мектебіндегі тағылымды көрме

Бұл жолы "Зерттеуші бүлдіршін" тобының әжелері мен аналары қатысқан "ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ ОРТАҚ" тағылымды іс-шарасы қазақтың қолөнеріне арналды. Өресі биік, өрісі кең өнерді әжелеріміз, аналарымыз балаларға үйретті. Терең тәрбиелік мәнге ие, бірігудің белгісі саналған құрақ құрау, сәндік қолөнер түрі саналған кесте тігу, тоқу түрлері қамтылған шара болды. Руханият пен азаматтықты өркендету жолында бүкіл күш -жігерін жұмсап, қазақ қолөнерін дәріптеген әжелеріміз, аналарымыз көпке үлгі.

