"Жүрекке жеткен Абай әуені" атты облыстық байқау өтті

Байқаудың мақсаты - Абайдың асыл мұрасын дәріптеп қана қоймай,ардагерлеріміздің өнерін паш ету. Ұлттық мұрамызды сақтау және жас ұрпаққа үлгі ету, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау.

Байқауға Қызылорда облысының аудандарынан 8 өнерпаз ардагерлер IІ кезең бойынша қатысып өз өнерлерін көрсетіп, Арал ауданы Тәжімбет Болатбек Бас жүлде, Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылы Бисенбаева Нағима І орын, Сырдария ауданы, Қоғалыкөл ауылы Байдалиева Гүлмира ІІ орын, Қармақшы ауданы Кәрібаева Зәуре ІІ орын, Қазалы ауданы,Басықара ауылы Мырзатаева Жаңыл ІІІ орын, Жалағаш ауданы,Аққұм ауылы Ерназарова Базаркүл ІІІ орын иеленсе, Қызылорда облысы, Талсуат ауылы Маутенова Рысалды "Жалағаш аудандық ардагерлер кеңесінің" Арнайы жүлдесімен, Қызылорда облысы, Қызылжарма ауылы Иманғалиева Гүлжан "Аққұм ауылдық клуб" КМҚ кәсіпорнының Арнайы жүлдесімен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Абай мұрасы — ұлттың жүрегінде, ұрпақтың санасында. Осы мерейлі мереке баршамызға шабыт беріп, парасат биігіне жетелесін!
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы құтты болсын!
"Толқын" ақпарат