Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагерлер алға озды

Ардагерлер алға озды

Өнерлі ердің өресі қашанда биік. Расында, солай. Әсіресе қазақы өнердің төл мекеніне айналған Аралда өнер десе ішкен асын жерге қоятын жандар жетерлік. Тіпті өнер мен сахна жас таңдамайтынын жиі дәлелдеп келеді. Жақында осындай бір жақсы жаңалықтың куәсі болды.
"Ардагерлер әуендері" атты әуесқой ардагерлер арасындағы облыстық байқаудан З.Шүкіров атындағы Арал қалалық мәдениет үйі жанындағы «Ұлағат» ардагерлер аспапты ансамблінің мүшелері Тәжімбет Болатбек, Бәйімбетов Мейірхан мен Омарова Күнқияш биіктен көрінді.
Нақтырақ айтар болсақ, эстрада жанрында Болатбек Тәжімбет өзінің «Қазыналы Аралым» және халық әні «Екі жирен» әндерін орындап, жүлделі ІІ орынды алса, баян аспабында Б.Сәдуақасовтың сүйемелдеуімен Ө.Спановтың «Арал вальсі» және халық әні «Ахау бикем» әнін орындаған Күнқияш Омарова мен М.Сыдықовтың «Сыр гүлі» және халық әні «Қызыл құмда ауылым» әнін шырқаған Мейірхан Бәйімбетов Алғыс хатпен марапатталды. Үш жерлесімізге де ақшалай сыйлық табысталды.
О. ЖЕКСЕМБАЙҰЛЫ
16 шілде 2024 ж. 173 0