Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Аралда бар ардагерлер ансамблі

Аралда бар ардагерлер ансамблі

«Ұлағат» ардагерлер аспапты ансамблі 2013 жылы өнер иелері Маруся Нұрмағанбетованың қолдауымен сазгер Достан Көзмағанбетовтың келісімімен құрылған болатын. Ансамблдің құрамында 19 өнерпаз бар. Өнерпаздардың әр қайсысы түрлі салада қызмет атқарған  құрметті ардагерлер. Бірі ұстаз, дәрігер, мәдениет қызметкері, қойшы, тәрбиеші, имам болып қызметтер атқарып құрметті демалысқа шыққан  ата-әжелер.
Ансамбль  облыстық байқаулардың жеңімпазы, Ырғыз ауданында, ауылдық елді мекендерде, аудан орталығында концерттер берген. Ансамбль құрамына жеке тоқталайық. «Ұлағат» ардагерлер ансамблінің көркемдік жетекшісі Тілепов Байнияз. ОлҚазақстан республикасының  Мәдениет қайраткері, Арал ауданының мәдениеті мен өнеріне өзіндік үлес қосқан өнерпаз. Ансамбль мүшесі Күнхияш Омарова Республикалық өнер  фестивальдарымен байқауларының лауреаты. Талай рет Облыстық, Республикалық  концерт қойылымдарына  қатысып өнер көрсеткен. Ал Мейірхан Бәйімбетов Арал ауданының  мәдениет пен өнеріне  үлес қосқан өнерпаз. Ол  «Тамаша» әзіл-сықақ отауында  халық театрының актері болып өнер көрсеткен. Республикалық, облыстық  концерт қойылымдарына  талай рет  қатысып, көрермен ыстық қошеметіне бөленген өнер иесі. Сонау 1969 жылы түсірілген белгілі режиссер Ораз  Әбішевтің  «Бір хаттың ізімен» деректі фильміне түскен Шудабай Ильясов  Ауданның  мәдени-көпшілік іс-шараларына  1968 жылдардан бері қатысып өз өнерін  халық арасында көрсетіп келеді. Мәдениет саласында қызмет атқарған. Сондай-ақ 30 жыл қой бағып жұмыс  жасаған Зейнеш Біртаева 1970 жылдары  аудандық мәдениет бөліміне  қарасты  автоклубында  қызмет  жасап, ауданның малшы қауымына мәдени қызмет көрсетіп, өнерімен танылды.
Мектепте мұғалім болып зейнеткерлікке шыққан Бақтыбике Жанназарова жастайынан өнерге құмартып, көркемөнерпаздар үйірмесіне  қатысып өнерімен танылып жүр. Ансамбль бишісі Ботагөз Қожекенова жоғары оқу орнында жүріп  бишілер ансамбльіне қатысып  өнер көрсеткен. Ауданда балабақшада қызмет жасап зейнетке шыққан. Жас кезінен  бастап, Үнді халқының әнін  үйреніп халық арасында  айтып өнерін шыңдай түскен Дайрабай Үркімбаев 1965 жылдардан бастап,сахнада өнер көрсеткен. Діни ұстанымымен бірге  өнерді қатар ұстап келеді.Дайрабай ақсақал биыл 80 жасқа толып отыр.
Шашты Нұрпейсова үлгілі ана. Жас кезінен өнерге әуес болған.  Тұрмыс құрып еңбекке араласып, мал шаруашылығы жанұясында жүрседе, әншілік өнеріп  қатар ұстап келген. Ансамбльдің музыкалық жетекшісіБекболат Сәдуақасов жас кезінен өнерге жақын болып, жоғарғы оқу орнынң музыка факуьтетін бітірген. Мәдениет, білім саласында қызметтер атқарған копмпозитор, әнші. Сол сияқты Болатбек Тәжімбет Меткеп қабырғасында жүріп, ауылдық клубтың көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып өнерін жетілдірген.Ән шығарумен айналысады. Болатбектің көптеген әндері халық арасында кеңінен тараған. Болатбек түрлі аспаптарда ойнап өнер көрсетеді.
Қазақстанның құрметті журналисі, Арал  ауданының құрметті азаматы Жұмабай Жақыпта ансамбльдің белді мүшесінің бірі. Ол күйші- композитор,  Шал Мырзаның күйін орындап, насихаттаушы. Бірнеше күйлердің авторы.
КүйшіАлданыш Әбжәлиев қаладағы № 13- қазақ орта мектепте  матиматика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып зейнет демалысына шыққан. Қазақстанның үздік мұғалімі. Съезд делегаты, «Ғасыр мұғалімі» атағының иегері. Домбыра прима аспабының маманыҚуаныш Әбжәлиев Республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпазы, «Халық театрының» режмссеры болып қызмет атқарған. Қобызшы Тәжібай Үмбетәлиев мәдениет, білім салаларында қызмет атқарған. «Қазанғап» ұлт аспаптар оркестрінің мүшесі болған. Аудан өнерпаздарымен бірге республикада, облыстық концерттерде өнер көрсетіп лауреат атанған. ДомбырашыТөлепбай Сисенбаев ансамбльде бас домбырашы. Өнер мектебінде домбырадан дәріс берген. Және қобызшыНағашыбай Құлманов. Өнер мектебінде ұстаз болған. Бірнеше аспапта ойнауды меңгерген. Республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпазы.
Міне, осындай талантты жандардан құрылған ансамбль халық арасында тағылымды өнерімен танылып көптің қошеметіне бөленіп келеді. Олар жастық шақта белсенді болды. Қоғам өміріне араласты. Жастық жігерлерін жақсы іске арнады. Уақытпен бірге үндесті. Қарттық келді. Зейнетке шықты. Бірақ игі істен қол үзген жоқ. Кейінгі буынға үлгі болу мақсатында өздерінің өміршең өнерін насихаттап сахнада аға буын ретінде өнер көрсетіп келеді. Мұндай жандар мақтауға да, мақтануға да лайық.
"Толқын"ақпарат
01 желтоқсан 2022 ж. 922 0