Мұқағалиға
Дарыным биік болса да.
"Ақынға қиын нәрсе жоқ,
Жүргеннен топас ортада"
Дедің де,
Кеттің аға неге ертерек?!
Қазір сені ән қылып айтады әр үй.
Мұражай ма,
Мүсін бе нелер керек?
Әр қалада бір көше "Мұқағали"!
Жүз жасыңда ел болып береді той,
Мен кепілдік беремін бұл ісіне.
Қазақтың қанға сіңген әдеті ғой,
Мән бермеу тірісіне.
Абай ЕЛЕШ
"Ақынға қиын нәрсе жоқ,
Жүргеннен топас ортада"
Дедің де,
Кеттің аға неге ертерек?!
Қазір сені ән қылып айтады әр үй.
Мұражай ма,
Мүсін бе нелер керек?
Әр қалада бір көше "Мұқағали"!
Жүз жасыңда ел болып береді той,
Мен кепілдік беремін бұл ісіне.
Қазақтың қанға сіңген әдеті ғой,
Мән бермеу тірісіне.
Абай ЕЛЕШ











