Топ-баннер
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тағдырлы ақын Зейнолла

Тағдырлы ақын Зейнолла

Жуырда Бөген ауылдық клубының ұйымдастыруымен, округ әкімінің қолдауымен «Тағдырым бірге Аралмен» деп жырлаған Зейнолла Шүкіровтың әдеби шығармаларын насихаттау мақсатында «Жауһар жырмен тербеткен ақын» атты көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы болып өтті. Шалғай елді мекендерден арнайы келіп, тағдырлы ақынның екінші өмірін ұлықтап, көпшілікке паш еткен қатысушылар ақынның таңдаулы өлеңдерін санада қайта жаңғыртты .
Бас-аяғы жиырмаға тарта талапкерлер өз ізденісімен танылып, шалқар шабытының арқасында ойлы өлеңдерін күллі қазақ жұртына мойындатқан ақынды жан-жақты ұлықтады. Сайыс қорытындысында Ақшатау ауылынан келген қатысушы Ақбілек Жақсылық бас жүлде еншіледі. Сондай-ақ Бекнұр Матығұл I орынға қол жеткізсе, II, III орындарды Ақбасты ауылынан Қуаныш Ришатұлы, Аралқұм ауылынан Балауса Сайлауова, Қызылжар ауылынан Индира Жүгінісова және №62 мектеп-лицейінен Қаламқас Киікбаева өзара бөлісті.
Жиналғандарды рухани сусындатқан шарада өлеңмен өрілген ақын өмірінен бөлек жүрекке жылы әсер беретін жырлар шырқалып, танымал жырау Серікқали Жұбанышов кең тыныспен шырқаған термелерімен сахна көрігін қыздырды.
А.Қарымсақ
03 наурыз 2026 ж. 144 0