Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » СЕН МЕН АЛЛАНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЖАСЫРЫН АМАЛ

СЕН МЕН АЛЛАНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЖАСЫРЫН АМАЛ

Сені құтқаратын ең ұлы амалың міндетті түрде ең үлкен ісің болуы шарт емес…
Мүмкін, ол ешкім білмеген түннің бір уағында оқылған екі рәкат намаз шығар.
Немесе Раббыңа жалбарынып отырып төгілген шынайы бір тамшы көз жасы шығар.
Немесе ең жақын адамдарыңнан да жасырған садақаң шығар.
Немесе қолың жетіп тұрған күнәні Алладан ұялып тастағаның шығар.
Расында, Алланың сондай құлдары бар: олар адамдар білмейтін амалдарын жасырады, ал Алла оларға ойларына да келмейтін жеңілдік пен мейірімін нәсіп етеді.
Сондықтан өзің мен Алланың арасына бір құпия ғибадат қалдыр…
Өйткені күндер алма-кезек келеді, қиындықтар күтпеген жерден туады. Бәлкім, бір күні сенің кеңшілігің мен құтылуың өзің ұмытып кеткен, бірақ Алла ұмытпаған бір амалыңның арқасында болар.
Уа, Алла! Бізге Өзіңнің разылығың үшін ғана жасалатын ықыласты амалдар нәсіп ет. Бізге дүниеде нұр, қиындықта жеңілдік, әрі Саған қауышатын күні жасырын құлшылықтар бер.

muslim.kz
15 маусым 2026 ж. 124 0