"Іңкәр" бөбекжайының тәрбиешісі, педагог-сарапшы Аманкүл Қондыбаеваға
Аманкүл Қондыбаеваға
Іздегендер жаңалық табар күнде,
Байқауларда топ жарып алар жүлде.
"Қара қызым,–деуші еді,—дара қызым!"
Сүйсінгенде әкесі Аманкүлге.
Бір елемей өмірдің ызғарларын,
Шалқытатын шабытпен қызған жанын.
Сөз жүйрігі әкесі Қуаныштың
Шығарған қыз кітап қып "Ізгі арманын".
Қара қылды қақ жарар мінезі бар,
Тура жолдан ығыспас "күресі" бар.
Чемпион боп Қайраты дүбірлесе,
Ана-тілеу көңілдің үлесі бар.
Білім-білік толысып жылдан жылға,
Сарапшы ол педагог болған тұлға.
Жүрегінде "Іңкәрі"—бөбекжайы,
Шырқап берсе бөленер ән мен жырға.
Бақытты өмір сәттерден құралады,
Мақсат қылған биікке шығар әлі.
Аманкүлдің қол соғып тәліміне,
Қаратерең ауылы қуанады!
Ерғали АБДУЛЛА
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі











