Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Желкеннің» жалаугері

«Желкеннің» жалаугері

Несібесін теңізден еншілеген балықшы ауыл балаларының бағына қонған бақыты, құтты мекеніне айналған теңіз қолтығындағы шағын ауылдағы зәулім ғимарат алыстан мен мұндалайды. Хан шатырындай биік үйдің іші тәртіп пен тазалықтың жарқын көрінісіндей. Бұл – Мергенсай ауылдық округіндегі 90 орындық «Желкен» бөбекжайы.

Бөбекжайдың аты ауданға, тіпті облысқа танымал. Себебі бөбекжайдағы тынымсыз тірлік пен еткен еңбек нәтижесіз емес. Бұл да талапшыл, іскер басшы, ұжымның көшбасшысы «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып», ұжымды ұйыстырып отырған бөбекжай меңгерушісі Күлпаш Жолдасованың жауапкершілік жүгін сезіне алуында. Күлпаш Қаналықызы осы ұжымды бірнеше жылдан бері басқарып келеді. Дегенмен «дара шауып тұлпар болмас» деген емес пе?! Еңбектің жемісін көру үшін тәрбиешілердің де білікті, білімді болуы маңызды. Әсіресе өз ісінің маманы тек қана тәрбиеленуші бүлдіршіндердің ғана емес, ата-аналардың да сүйікті ұстазына айналған Гүлбаршын Ембергенованы даралап айтар едім. Үнемі шығармашылық ізденісте жүретін оның әрбір ұйымдастырған оқу қызметі үлкен дайындықпен өткізіледі. Соның нәтижесінде Қазақстан педагогтер қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық «Егемен еліміздің үздік ұстаздары» байқауына ұсынған жұмыстары үздік деп танылып, Қазақстан педагогтер қауымдастығы төралқасының шешімімен ұрпақ тәрбиесі мен еліміздің білім беру ісіне қосқан елеулі үлесі үшін «Үздік тәрбиеші» төсбелгісімен марапатталды. Міндетіне адал жан қандай құрметке де лайық.
Зейнегүл Жүсіпова,
«Желкен» бөбекжайының тәрбиешісі
15 наурыз 2020 ж. 531 0