Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаздық еткен жалықпас...

Ұстаздық еткен жалықпас...

Жастары белсенді әрі білімді елдің  ертеңі  жарқын болмақ. Себебі Қазақстанның тұрақты дамуының кепілі – жастар. Білімділер ғасырына баланған ХХІ ғасырда ғылым танып, ілім алу – баға  жетпес үлкен рухани қару. Тек рухани ғана емес,  аса зор  өндіргіш  күш. Еңсесі  биік елдермен  терезесі тең мемлекет  болудың  күретамыры да білімнен бастау алады.

Бала күннен егеменді елімнің  дамып,  көркеюіне  аз болса да өз үлесімді қоссам  екен деп армандайтын едім. Сол арманымның ақиқатқа айналғанына қуаныштымын. Қазірде жас маман  ретінде  ұстаздық  қызмет атқарамын. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, ұстаздық мамандығын өз жүрегімнің  қалауымен таңдадым. Қазақстанның нағыз патриотын, білімді, мәдениетті,  ақылды,  парасатты жас ұрпақты  тәрбиелеу  мақсатында осы жолда ерінбей еңбек етемін.
Еліміздің ертеңі жастардың қолында десек, жас ұрпақты, ұлтты тәрбиелеу – ұстаздың парызы. «Өзінің сүйікті ісін істеген адам бақытты емес, өз ісін сүйіп істеген адам бақытты» демекші, бақытты жан ретінде бағыты айқын жас буынды тәрбиелеу аманатын адал атқарып келемін.

М.Құлжұмырова,
№58 орта мектепің бастауыш сынып мұғалімі
16 ақпан 2020 ж. 787 0