Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдық миллионер мұғалім туралы не білеміз

Аралдық миллионер мұғалім туралы не білеміз

Ұстаздардың төл мерекесі қарсаңында өткен салтанатты шарада №220 орта мектептің мұғалімі Ақжолова Дариха миллион иеленді. Ол «география» пәні бойынша өткен олимпиадада  бақ сынап, аудандағы 79 ұстаздың арасында оқ бойы оза шықты. Біз бұл ұстаз туралы не білеміз?
Дариха Төлеумұратқызы 1963 жылы Арал ауданы Құланды елді мекеніңде дүниеге келген. №77 мектебінде 8 сыныптық білім алған. Орта білімді Арал қаласындағы №220 қазақ орта мектебінен алып шыққан. 1981 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Институтының Жаратылыстану факультетіне «География - биология» бөліміне оқуға түскен.
1986 жылы осы институтты бітіріп шығып, Арал қаласындағы №220 орта мектебіне география пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасқан. Институтта география пәнінің авторлары Ұстаздық өмірін де оқушылары аудандық, облыстық олимпиадалардан жүлделі орындарға ие болды. Осы еңбектерімнің нәтижесін де, облыстық, аудандық мақтау қағаздарымен марапатталған. Еңбек өтілі 33 жыл.
Тәлім беріп мектептен ұшырған шәкірттері Қазақстанның түкпір-түкпірінде әр-түрлі сала бойынша елге қызмет атқаруда.
5 бала тәрбиелеуде. Балалары анасының жолын қуып ұстаздық қызмет атқаруда.
08 қазан 2019 ж. 2 248 0