Аралдық мұғалім Министрдің "Құрмет грамотасымен" марапатталды

"Ұстаздар күні мерекесіне арналған «Ұстаз – Ұлы есім» атты салтанатты шарада аудан әкімі М.Оразбаев ұлтқа мақтаныш, ұжымға сыйлы болып, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуде талмай талпынып жүрген ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, мерекелік лебізін білдірді.
"№64 орта мектептің география пәні мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қонысбаев Биғазы «география» пәні бойынша олимпиадада аудандағы 79 ұстаздың арасында бағын сынап, «ГЕОГРАФ – ПРАКТИКАНТ» номинациясына ие болып, 50 мың теңге қаржылай сыйақы алды," – деп жазды.
Сонымен қатар, мереке аясында еңбегімен еленіп жүрген аталмыш мекептің басшысы Тлепов Кенжебек ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.