ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАРДЫҢ ӨНЕГЕСІ
Ұлағатты ұстаз, асыл ана Қалия Үкімашқызы Дәулетова 1958 жылдың 8 тамызында Қызылорда облысы, Арал ауданы, Құланды елді мекенінде дүниеге келген. 1980 жылы Алматы қыздар педагогикалық институтының география және биология пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Өзінің өнегелі өмір жолы, елеулі еңбегі, атқарған жұмыстары арқасында ел анасына айналған абзал жан.
Еңбек жолын №83 орта мектепте ұзартылған топтың тәрбиешісі болудан бастаған Қалия Үкімашқызы №15 Арал теңізі теміржолшылар балабақшасында меңгеруші, Алматыдағы Л.Толстой атындағы мектепте бастауыш сынып мұғалімі, №83 орта мектебінде география пәні мұғалімі, №14 орта мектепте география пәнінің қызметтерін абыроймен атқарған. Бес жылдай уақыт №2 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернат директоры қызметінде болып, зейнетке шықты.
Еңбек жолында жетістіктері де жетерлік. Қалия Үкімашқызы - білім беру жүйесінде әлемдік стандартқа сай бет бұрып, жаңа технологиялық табыстары мен заман талабына сай атқарып жатқан жұмыстары арқылы болашақта еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын білікті маман даярлайтын инновациялық оқу процесін жолға қойды. Оқушыларға білім стандартына сай білім мен тәрбие беріп, оқыту барысында оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру үшін әрбір сабағын оқытудың озық технологияларын пайдаланып өткізіп келеді.
Бірнеше жылғы ізденіс пен тәжірибенің нәтижесінде 2012 жылы "География сабағында дамыта оқытудың тиімділігі" тақырыбындағы оқу-әдістемелік құралы жарық көріп, облыс көлемінде таратылуға ұсынылды. Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 2012 жылы "Педагогтардың біліктілігін қашықтықтан жетілдіру мәселелері: ізденіс пен тәжірибе" тақырыбында өткізілген ғылыми-практикалық республикалық конференциясында On-line режимінде "Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері" атты баяндамасы оқылып, жинаққа енгізілген.
Сонымен қатар, ғылыми мақалалары ақпарат құралдарына жиі жарияланып тұрады. Атап айтсақ, "Жастарды ұлағаттылыққа тәрбиелейміз", "Қазақстанның шөлді аймағын көркейтейік", "Шипалы білім шаңырағы" тақырыбындағы мақалаларын және "Судың табиғатағы маңызы" атты іс-тәжірибесін оқырмандар жылы қабылдады. "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының қолдауымен "География пәнінен электрондық орта" тақырыбындағы электронды жинағы жарық көрген. №2 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында қызмет атқарған жылдарында оқушыларға білім стандартына сай оқу мен тәрбие беруде сіңірген еңбектері үшін 2009 жылы "ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен марапатталады, 2010 жылы Қызылорда облыстық білім басқармасы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің білім берудегі жаңашыл, шығармашыл, нәтижелі еңбегі үшін "Алтын глобус" номинациясын жеңіп алды. 2011 жылы Қызылорда облысы білім басқармасының "Мен тұратын үй-2011" интернаттық мекемелер жатақханалары байқауында І орынды иеленді. Еткен еңбек, төгілген тер еш кетпеді. 2013 жылы Қызылорда облысы білім басқармасының 1 шілдедегі №84 бұйрығымен география пәні мұғалімінің жоғары біліктілік санаты берілді.
Қалия Үкімашқызының шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі әр кез еленіп келеді. 2015 жылы жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін "Ы.Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталғаны мектеп, ауданның білім саласы үшін үлкен жетістік деп айтуымызға болады. Ауданда да Қалия апайдың орны бар. Биыл ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасына ие болуы оның еңбек сіңіріп отырған аймағына ерекше ілтипаты деп білеміз.
Қалия апай отбасында бақытты ана. Үш бала тәрбиелеп, қанаттандырды. Қазір балалары отбасында көрген өнегенің арқасында қоғамда өзіндік қолтаңбаларын қалдыруда аянбай еңбек етіп келеді. Зейнетке шыққаннан кейін келін жұмсап, балаларының әрбір ісіне тілекші болып, немерелерінің қызығына тоймай отырған асыл әжеге айналған.
http://ustaz-martebesi.kz/index.php/k2-tags/aleumet/item/406-la-atty-stazdardy-onegesi?fbclid=IwAR0Srb93G7caTDaboVexQ7eGSUKkEgnQRksIHeCBnhsv8mH5fhY2TRFKuh8