"Шәкірттерімді қабылдап": Азамат Сатыбалды ұстаздық жолға түсті

"Осыдан жиырма екі жыл бұрын Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясына шәкірт болып келіп едім. Енді міне, Алланың қалауымен ұстаз болып өзімнің шеберxанамды ашып, шәкірттерімді қабылдап жатырмын. Бүгін ерекше күй кештім. Көңілім босап көзіме жас келсе, екінші жағынан бойымды ерекше шаттық биледі. Арманың биік, мақсатың анық болса алынбайтын қамал жоқ екен". - дейді Азамат Сатыбалды.
Сонымен қатар, азамат Сатыбалды жаңа қызметімен қатар өмірінің жаңа парақшасы ашылғанын да жазуды ұмытпаған. Ұстаздық жолы жақсы болатынына үміт артты өнер иесі.
"Абай атамыз айтпақшы өзіңе сеніп, өзіңді қамшылауың керек. Өмірімнің жаңа парақшасы ашылды. Мәнді, мағыналы және жетістікке толы болсын деп тіледім жаратқаннан. Аллаға сан мың шүкір", - деп жазды Азамат Сатыбалды.