АСЫЛ ҚАСИЕТТЕН АДА БОЛМАЙЫҚ

- Үсті-басы кір-қожалақ. Қолын жумастан, бізге нан сатып жүр. Қолын жуса қайтеді? Оңбаған, көргенсіздің баласы... - деп аузына келгенін айтуда.
Айтылған сөз сүйегінен өткен кішкене бала егіліп қоя берді. Оған мейірімді бір кісі ғана жаны ашып: - Келе ғой, балам. Дөңгелегіңді салып берейін. Жылама. Қайтсін күн көрістің қамы ғой. Барлығымыз нан табу үшін жүрміз. Бұл балақай да анасына көмектесіп жүрген шығар, - деп ет жүрегі еміренді.
Мұндай жан-жылуын көрсетіп, қамқорлық көрсететін адамдар күн сайвн азайып жатқаны ма? Қаһарын шашып, бала көңіліне кірбің салған сатушы келіншектің жүрегі тастан жаралған сияқты...
Балауса Төребай
Балауса Төребай