Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлды ұяда баулыған 

Ұлды ұяда баулыған 

 Бір-біріне тете өсіп келе жатқан үш ұл аналарының жұмыстан шаршап келсе де, ертеңгі күннің қамын ойлап, тілімденген қолының ауырғанына қарамай, отын дайындап, түннің бір уағына дейін тоқу тоқыған тынымсыз еңбегін көріп өсті. Ұлдардың үлкені Сұлтанмұрат ерте есейіп, анасына болыса білді. Қос інісінің бірін аудандық оқушылар үйіндегі үйірмеге екіншісін спорт мектебіне жетелеп апаратын. Бос уақыт дегенді білмей өскен олар үй шаруасына икемді, сабақтарына да алғыр болды. Арманшыл балалар «Шіркін, Астананы көріп, сол жақта оқысақ қой» дегенде, аналары Шырын «Жақсы оқысаңдар бәрін де көресіңдер. Ол кезде мен де сендермен мақтанатын боламын» дейтін де, бір күрсініп алатын... 
         Иә, жары Бекмырзадан отыздан енді ғана асқан шағында айырылған Шырын ана «балаларым қатарынан қалмаса екен» деп, шаршағанына қарамай маңдай тері сорғалап жүріп еңбек етті. Тоқсаныншы жылдардың басы нағыз қиын уақыт болатын. №220 орта мектепте техникалық қызметкер болып жұмыс істейтін оған жас кезінде Аралқұмдағы анасынан үйренген тоқу өнері көп көмегін тигізді. Көз майын тауыса еткен еңбегінің, яғни қолөнердің арқасында балаларын тарықтырмауға тырысты. «Еңбекпен тапқан нан тәтті» демекші, ұлдары не нәрсенің де оңайлықпен келмейтінін жастайларынан біліп, ұқыпты болып өсті.
Халқымыз «Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу» деп бекер айтпаған ғой. Русланы «Анашым, мен әскери саланы таңдадым. Не де болса, өз бағымнан көремін» деп Көкшетауды жалғыз өзі бетке алып, Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусында білім алды. Талабы қатал, тәртібі мықты әскери оқу орнынан «Балаңызға үлгілі тәрбие бергеніңіз үшін алғыс айтамыз» деген Алғыс хат келгенде, қуаныштан көз жасына ерік берген еді. Оқуын әрі қарай жалғастырып, жоғары білім алған Руслан бүгінде  әскери қызметте. Ал, бала кезінен спортпен шұғылданған Дәурені республикалық «Ұлан» армиясы қатарында әскери борышын абыроймен өтеді. Қарағанды қаласындағы Экономика және менеджмент университетін тәмамдап, жоғары білім алды. Қазіргі кезде мемлекеттік күзет қызметінде еңбек етуде. Алдына мақсат қоя білген олардың бала кездегі армандары орындалып, екеуі де бүгінде Астана қаласында тұрады.
  – Халқымыз «Ұлды ұяда баулиды» деген ғой. Әкенің орны қашанда бөлек. Тағдырдың жазуы солай болған соң, әке орнына әке де болдым. Шүкір, балаларым жаман боп өскен жоқ. Үлкен ұлым Сұлтанмұратым – бір қапталымдағы сүйенерім. Атыраудағы «Юлмар сервис» мекемесінде еңбек етеді. «Ағасы бардың жағасы бар» демекші, бауырларына да ақыл-кеңесін айтып, қолдау-көмегін көрсетумен келеді. Келінім Жанар – алдымнан кесе өтпейді. Құдам Сейсенбай мен құдағайым Сәуле құдды ағам мен апамдай болып кетті. Балаларының да бабын тауып, мектептегі жұмысына де үйдің шаруасына да үлгіріп отырған Жанарым мені қимылдатқысы келмейді. Русланымның келіншегі Жансая – Қарағандының қызы. Жоғары білімді акушер-гинеколог. Емханада еңбек етеді. Дәуренімнің жары Малика – Жезқазғандыкі. Астана қаласындағы оқушылар сарайында қызмет атқарады. Жаз бойы немерелерімнің ортасында болып, құдаларымның да қуаныштарына ортақтасып қайтамын, – дейді бүгінде жан-жағынан асыр салған немерелерінің ортасында арқа-жарқа болып отырған Шырын Орынбайқызы.
8 наурызмерекесініңқарсаңындаШырынапаныңүйіабыр-сабыркүйгеенеді. Құттықтапкелушіқайныларыменкеліндері, бауырларыбірбөлек, көршілерітуыстанартыққұрметтейді. Астанадағынемерелерідеәжелерінқұттықтаудыұмытпай, телефоннанқолынбірбосатпайды.
... Қиналды, күрсінді. Балаларыныңқамыүшінқиынуақыттаұйқыкөрмейеңбекетті. Бүгіндеадалеңбектіңзейнетінкөріпотыр. Аналарыныңкөңілінекірбіңтүсірмей, болысып, бауырмал, білімді, жан-жақтыболыпержеткенұлдарыкісіқызығарлықтайазаматболып, ержетіп, қызметтерінабыройлыатқаруда. Бұның барлығы – ана еңбегінің, өнегесінің нәтижесі.
Л. Байғара.
06 наурыз 2018 ж. 1 450 0