Дала төсі төрт түлікке толы

Бастысы, уақыт өте келе бәрі оңалды. Жылдар артынша жыл жылжып, қала мен ауыл халқы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты негізінде мал шаруашылығына ден қойды. Болашақтарын осы саламен байланыстырған дүйім ел дала төсін төрт түлікке толтыруға ерекше белсенділікпен кірісті. Тынымсыз еңбек, төгілген маңдай тер нәтижесін берді.
Осынау берері мол бастама қазіргі таңда жүйелі түрде қолға алынып, әлеуметтің әлеуеті артуына септігін тигізіп, аталмыш Жолдауда айтылған ауыл шаруашылығы саласын ірілендіру үшін кооперативтер бірігу үстінде. Яғни, бұл іс Шижаға, Бекбауыл ауылдарында жүзеге асып, өзге де ауылдық округтер аталмыш бағытта жұмыс жасап жатқанын атап өткеніміз жөн.
Қазіргі қоғамда «жалқауға ғана жұмыс жоқ» деген қағида қалыптасты. Үкімет еңбек етіп, кәсіппен айналысамын деушілерге барлық жағдайды жасады. Ол жөнінде Ұлт Көшбасшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында да кеңінен баяндалған. Ендеше, біз де төрт түлікті көбейтуге айрықша белсенділік танытып, тіршіліктің көзі саналған мал шаруашылығының өркен жаюына үлесімізді қоса беруге тиіспіз.
Мырзадин Сәдуақасов,
аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы