
Күнсұлу Түрікпен: «Дарын» сыйлығы дәстүрлі өнерге көрсетілген құрмет
Күнсұлу Түрікпеннің есімі бүгінде республикаға жақсы таныс. Ғасырлар бойы сақталған өнер қазынасын дәріптеп, жыршы-жыраулардың ізін жалғап жүрген дәстүрлі ән өнерінің дара қызы. Жас та болса атадан қалған ұлы өнердің туын жықпай, батырлар мен ақындардың жыр-дастандарын жатқа айтып, көпшілікке насихаттауда...