Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер түрлі-түсті масканың адамға қандай қауіп төндіретінін айтты

Дәрігер түрлі-түсті масканың адамға қандай қауіп төндіретінін айтты

Сеченовский университеті Склифосовский атындағы клиникалық медицина институты кафедрасының ассистенті, дәрігер-косметолог Елена Морозова түрлі-түсті бетперденің қаупі туралы ескертті деп жазады mskagency.ru. "Мен көшеде қара түсті бетперде таққан адамдарды көп көремін. Оның құрамында тері ауруларын асқындыратын бояғыш зат бар. Тіпті пациенттердің өзі бұл маскалардың жағымсыз химиялық иісіне шағымданады", - деді ол. Морозованың сөзінше, мұның бәрі дерматоз – түрлі тері ауруларын қоздыруы мүмкін. Өйткені қара түсті бояғыш аллергия туғызады. Ал бетперде оның үстіне синтетикадан жасалса, оны мүлде пайдаланбаған дұрыс.
"Егер бұл мақта-матадан тігілген түрлі-түсті маска болса, онда әңгіме басқа. Ал қайда боялғаны белгісіз, суреттермен безендірілген синтетиканы қолдануға кеңес бермеймін", - деді медицина саласының маманы.
kaz.nur.kz
27 қараша 2020 ж. 464 0